Мұсылмандар ит бағуға наразылық танытты
Мұсылмандар ит бағуға наразылық танытты
10 жыл бұрын 2636

Малайзияда хайуанаттарды қорғаушылардың «Мен итті сипағым келеді» деп аталатын шарасына мұсылмандар наразылық танытты. Бұл жайында IslamNews ақпараттық талдау порталы хабар таратты. Ел астанасы – Куала-Лумпур қаласының саябақтарының бірінде жексенбі күні өткен осы шараға байланысты мұсылман қайраткерлері мен дін жанашырлары, сондай-ақ, Малайзия мұсылмандар діни басқармасының өкілдері арнайы мәлімдеме жасады. Онда Малайзия мұсылмандарының Шафиғи мәзхабын ұстанатындықтан ит лас хайуанаттардың санатына жататындығы сөз болған. Шафиғи мәзхабы бойынша итке жанасқан адам міндетті түрде жуынып-шайынуы керектігі айтылған мәлімдемеде. Сонымен қатар, исламға жат осындай әдетке бой алдырмауға үндеген.

0 пікір
Мұрағат