Мұсылман славян халқы
Мұсылман славян халқы
5 жыл бұрын 5501 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Горандықтар мен торбештер Балқан түбегінің оңтүстігін мекендейтін славян текті мұсылман халықтар. Горандықтар Косово республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде, Метохия деп аталатын сербтердің тарихи облысында, тауоы аймақта – Албаниямен және Македониямен шектесетін өңірде өмір сүреді. XV—XVII ғасырларда Османлы иелік еткен тұста исламды қабылдаған халық. Бұл жайында dunyabizim.com ақпарат көзі хабар таратты. Горандықтардың көбісі бүгінгі таңда жұмыссыздықпен бетпе-бет келіп, нәпақа іздеп шетел асып жатыр. Жастар қарасы сирек. Бүгінде шамамен 20 горандық ауыл бар, горандықтардың қарасы 25 мың адамды құрайды. Соған қарамастан өздерінің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтаған халық. Ал тағы бір м ұсылман славян халқы – торбештіктерге келетін болсақ,Македония республикасының батыс өлкесінде тұрады. Олар македон халқының субэтносы болып табылады, бұрынғы православ славяндардың ұрпағы Балқан түбегі Османлының құрамында болғанда XV—XVII ғасырларда исламды қабылдаған. Десе де кей ғалымдар оларды түркі халықтарына жатқызып жүр. Ал торбештікредің бір бөлігі өздерін албандықтармыз десе, енді бір бөлігі түрікпіз дейді. Тағы бір бөлігі македон тілінде сөйлейді. Македониялық этнологтар болса, торбештіктерді этникалық топ емес, македон халқының діни азшылықты құрайтын тобы санайды. Бүгінгі таңда торбештіктер ассимиляцияға ұшырап, олардың бір бөлігі XX ғасырдың орта шенінен аса Түркияға қоныс аударса, енді бір бөлігі албандықтарға сіңіп кеткен. 2013 жылға есеп бойынша торбештіктердің қарасы 40 мың адамды құраған болатын.

gorani 2009

0 пікір
Мұрағат