Мұсылман актері Иса пайғамбардың (а.с.) рөлін ойнайтынын мақтан тұтады
Мұсылман актері Иса пайғамбардың (а.с.) рөлін ойнайтынын мақтан тұтады
2 жыл бұрын 996

National Geographic телеарнасы «Исаның өлімі» атты фильмде пайғамбардың рөліне Хааз Слейман есімді мұсылман жігітті таңдағаны үшін христиандардың наразылығына тап болды. Алайда, Иса пайғамбардың (р.а.) рөлін ойнайтын актер бұған жасып, жабырқаған жоқ. «Біздер,  мұсылмандар Исаның пайғамбар болғанына сенеміз әрі құрметтейміз, оның ілімі бойынша жүреміз, оны Пайғамбарымыз Мұхаммедпен (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) қатар қоямыз. Мұсылман отбасында туып-өскен адам ретінде айтарым, мұндай рөлді сомдау – маған көрсетілген нағыз құрмет», - деп өзінің кандидатурасына қарсы шыққандарға осылай жауап қайтарды. Оның осы рөлді ойнауы үшін анасына телефон шалып, ақ батасын алғанын да айта кету керек. Бұл жайында Entertainment Weekly ақпарат көзі хабар таратты.

0 пікір