Министрліктің мәліметі диқандардың таңданысын туғызды
Министрліктің мәліметі диқандардың таңданысын туғызды
2 жыл бұрын 750 nur.kz

Шаруалар шенеуніктерге өкпелі. Солтүстіктегі диқандар Ауыл шаруашылығы министрлігінің "биыл 17 млн тонна астық жинаймыз" деген мәліметіне күдікпен қарап отыр.

Өйткені, шын мәнінде жағдай тым нашар деп хабарлайды КТК арнасы. Биыл теріскейге қар ерте түсіп, салдарынан егін алқабының тең жартысы үсіп қалған. Оның үстіне, аймақта ала жаздай жауын-шашын тоқтамай, астықтың сапасы да төмендеп кетті.

Тіпті шаш етектен шығынға батқан шаруалар банктерден алған қарыздарын қалай өтерлерін білмей бас қатыруда. Сондықтан, "Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы" Үкіметтен егін орағына қатысты шынайы ақпарат таратуды және фермерлердің қатысуымен арнайы комиссия құрып, зерттеу жүргізуді сұрап отыр.

Сарапшылардың айтуларынша, биыл шын мәнінде еліміз 11 миллион тонна бидайды әзер жинауы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат