Мешіт аштырмаған кәрістер "қара түнекке" ескерткіш соқты (фото+видео)
Мешіт аштырмаған кәрістер "қара түнекке" ескерткіш соқты (фото+видео)
6 жыл бұрын 4840 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қысқы олимпиада өтіп жатқан Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында әлемді елеңдеткен осынау дүбірлі шараға орай ашылған Hyundai компаниясының павильоны бұрын-соңды адамзат ойлап таппаған құрдым қара ескерткіш болайын деп тұр. Асиф Хан есімді сәулетшінің жобасы бойынша тұрғызылған бұл ғимараттың қара түнде жыпырлаған жұлдызды аспанды көз алдыңа әкелетін қабырғасы 10 метрден, ал 35 метрден асады. Қабырғасы әлемде көзге көрінетін барлық жарықтың 99 пайызын жұтып қоятын, Surrey NanoSystems компаниясы шығарған Vantablack VBx 2 бояуымен боялған. Vantablack көлденеңінен бір келкі түзулетілген миллиондаған көміртекті нанотүтікшеден жасалған. Жарық бұл "қара орманға" түскенде тұзаққа тап болып, ақыры жылу болып ыдырап кетеді. Шағын мешіт тұрғызуға қарсылық білдірген кәрістер осылайша адамның қиялын сан-саққа жүгірткеннен басқа пайдасы жоқ ғимарат соқты

 
0 пікір
Мұрағат