Литвада әлемдегі ең алғашқы криптовалюталық терминал пайда болды
Литвада әлемдегі ең алғашқы криптовалюталық терминал пайда болды
5 жыл бұрын 3084 naryk.kz

Литваның Вильнюс қаласындағы дәмханалардың бірінде ақыны криптовалютамен төлеуге мүмкіндік туды.

Бұдан былай Вильнюс қонақтары ішкен-жегеніне криптовалютамен төлем жасай алады. Терминал криптовалютаның барлық дерлік түрін (bitcoin, eth, dash, xem, steem, golos) қабылдай береді. Бұл CopPay төлем жүйесі арқылы мүмкін болып отыр. 

Тұтынушы қызмет пен тағам ақысын криптовалютамен төлегенімен, дәмхана оны кәдімгі ақша түркінде қабылдайды. Төлем дәмхананың банк шотына аударылады.

«Біздің мақсатымыз барлық төлемді криптовалютамен жасауға мүмкіндік беретін әлем құру», — дейді жоба тобы.

Жетекші университеттер криптовалюта мамандарын дайындауға кірісті

Халықтың биткойнға деген қызығушылығының артуы мен осы саладағы ірі компаниялардың мамандар іздей бастауы университеттер мен бизнес-мектептердің мойнына жаңа міндет жүктеп отыр. 

Беркли мен Грег Ла Бланкдағы Калифорния университетінің оқытушылары Franse Presse басылымына криптовалюта саласында маман дайындауға дайындалып жатқанын айтты.

«Алдағы уақытта криптовалюта экономиканың барлық саласына, соның ішінде логистика, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару және активтерді басқару, меншік, келісімшарт секілді барлық секторға тереңінен ене бастайды», деп жазады басылым.

Ендігі семестрде Хаас атындағы бизнес мектебі блокчкейнге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау бойынша алғашқы курс ашпақ. Оған бизнес пен бағдарламалау және құқық мамандықтарынан 60 шақты студент тартылады деп күтілуде.

«Бастапқыда блокчейн бухгалтерлік есептің жаңа әдісі ретінде дайындалған», дейді профессор Олинга, «Қазір оның өрісі кеңейіп келеді».

Йел университетіндегі Менеджмент мектебінің оқытушысы Стивен Даффронның айтуынша, студенттер блокчейн қолданатын компанияны қалай бағалау керектігін білмесе, қаржы саласының жақсы мамандары бола алмайды.

0 пікір
Мұрағат