Күн батареясымен жұмыс істейтін ұшақ алғаш рет төрткүл дүниені шарлап шықпақ (фото)
Күн батареясымен жұмыс істейтін ұшақ алғаш рет төрткүл дүниені шарлап шықпақ (фото)
9 жыл бұрын 3440

Естеріңізде болса, құрметті оқырман, осыдан біраз уақыт бұрын өздеріңізге күн батареясымен ұшатын ұшақ турасында хабарлаған едік. Сол ұшақ кеше, яғниғ наурыз айының 9-ы күні көкке көтерілді. Шартарапты шарлап шығу үшін. Бұл – адамзат тарихындағы шартарапты шарлап шығудан ең алғашқы қадам болып табылады. Әбу-Даби қаласындағы әл-Батин әуежайынан көкке көтерілген ұшақты швейцариялық Бертран Пикар (Bertrand Piccard) басқарады. Оның серігі –  Андре Боршбергом (Andre Borschberg). Олар ұшақты кезектесіп басқаратын болады. Ұшу уақыты шамамен бес айға созылады. Ол Үндістанның, Қытайдың, Тынық мұхитының, Американың, Атлант мұхитының және Еуропаның үстінен ұшып өтетін болады. Сапар Әбу-Дабиде аяқталады. Ұшақ GPS спутниктік жүйенің құрылғысымен ұдайы бақыланады. Тағы қайталап айтамыз, аталмыш ұшақ тек күн сәулесінің энергиясымен жұмыс істейді. Өткен жылдың маусым айында сынақтан өтті. Оны француздардың Dassault Systеmes жобалаушы компаниясы жасап шығарды. Қанатының ұзындығы 72 метрге жетеді, ал салмағы 2,3 тоннаны құрайды. Ұшақтың шағын қанаты 17,2 мың күн батареясымен жабдықталған. Ұшақтың максималды жылдамдығына келсек, сағатына 140 шақырымды артқа тастайды. Оның үстіне, бұл ұшақ кез келген ауа райында ұша береді. 

0 пікір
Мұрағат