Көшеде ауызашар беру әдепкі көрініске айналған
Көшеде ауызашар беру әдепкі көрініске айналған
5 жыл бұрын 3246 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мысырда қасиетті Рамазан айында көз байлана көшелер дастарханға айналады. Дос-жаран бар, құрбы-құрдас бар, тамыр-таныс бар, туған-туыс бар, бәрі көшеде ауызашар жасауға ұмтылады. Әлбетте, ең алдымен иіні жадау, тұрмысы жүдеу кедейлер үшін жайылады дастархан. Олар тек ауызашар жасап қоймай, елде, әлемде болып жаңалықтарымен бөліседі. Күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәт тынығады. Бұл жайында Arab News  ақпарат көзі хабар таратты. Дастарханға көбіне тауықтың еті, суға бұқтырылып пісірілген күріш, т.б. тағамдар қойылады. Бұл дәстүрден жергілікті христиандар да шет қалмайды. Олар да хал-қадырынша мұсылмандарға дастархан жайып, ауызашар беріп жатады. 

0 пікір
Мұрағат