Көлік ұрлайтын адам қолға түсті
Көлік ұрлайтын адам қолға түсті
2 жыл бұрын 744

Ирландияның көлік ұрлықшысы ғаламтор жұлдызына айналды. Автотұрақтағы бейнебақылау құрылғысына түсіп қалған ұры Mercedes автокөлігінің әйнегін шағып, айдап кетпек болған екен, алайда, әйнекті шағу үшін лақтырған тасы өзіне соғылып, есінен танып қалған. Бұл аралықта көлік иесі де келіп үлгерген. Ұрыны полицияға тапсырды. YouTube желісіне орналастырылған бұл видеоны 2,5 млн-нан аса адам тамашалаған екен.

0 пікір