Кинотеатр қожайындары неге шу шығарды?
Кинотеатр қожайындары неге шу шығарды?
9 жыл бұрын 3351

Google компаниясының тың инновациялық жобасы болып табылатын «ақылды» көзілдірігі әлемдегі кинотеатр атаулының бас ауруына айналды. Кейбіреулер аса қымбат  тұратын гаджетті кинозал қызметкерлеріне байқатпай жаңа фильмдерді көшіріп алуға пайдалануда. Мұндай жымысқы ұрлықты ең алғаш рет байқап қалған британиялық кинотеатр қожайындары шу шығарып, айдай әлемге жар салды. Үстіміздегі жылдың маусым айында бұл елдің кинотеатрларында мұндай құрылғыны пайдаланып, көрсетіліп жатқан фильмді көшіруге тыйым салынған болатын. Мұндай жағдай АҚШ-та да орын алып отыр. Бұл жолы тек Google көзілдірігімен ғана емес, сонымен қатар, өзге де көшіру құралдарын пайдаланып, көрсетіліп жатқан фильмді көшіріп алуға тыйым салынды.

0 пікір
Мұрағат