Кинода балағат сөздерге тыйым салынды
Кинода балағат сөздерге тыйым салынды
9 жыл бұрын 2994

Бүгінгі таңда Үндістан киноиндустриясында толағай табыстарға қол жеткізген ел. Тек 2010 жылдың өзінде бұл елдің экранына 24 тілде шамамен  1274 фильм шыққан болатын. Голливудымен азуын айға білеген АҚШ та, Қытай да немесе әлемнің өзге бірде-бір елі киноиндустрия саласында мұндай көрсеткішке қол жеткізген емес. Үндістанның фильмдерді сертификаттайтын орталық кеңесі кинода бұдан былай балағат сөздерді қолдануға қатаң тыйым салды. Жақша ішінде айта кетейік, аталмыш құзыретті органның сүзгісінен өтпей, олардың рұқсатынсыз бірде-бір фильм, телеөнім (клип, ойын-сауық бағдарламасы, жарнама ролигі немесе деректі фильм) көрерменге жол тартпайды. Кинода қолдануға тыйым салынған балағат сөздердің қатарына ағылшын және хинди тілінде 30 сөз жатқызылды. Құжат үнді кино компаниялары мен продюсерлерге жөнелтілді.

0 пікір
Мұрағат