Кемтар қыз аяғымен кітап жазып шықты
Кемтар қыз аяғымен кітап жазып шықты
9 жыл бұрын 3434

Сал сырқатына шалдыққан Қытай тұрғыны Ху Хуэйюань аяғымен кітап жазып шықты. Бұл жайында The Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты.  

21 жастағы бойжеткен аталған аурудан денесінің көп бөлігі жансызданып қалған болатын. Оның жазып шыққан кітабы 60 мың сөзден тұрады. Әр минутта ол аяғымен 20-30 сөз жаза алады екен. Ол кітапты аяқ саусақтарының көмегімен жазады. Яғни, аяғының саусақтарымен компьютер түймелерін басуға икемі келеді.

Ата-анасының айтуынша, Ху Хуэйюань дертінің салдарынан кішкентайында мектепке бара алмай қалған. Дегенмен, бойындағы білімге деген ерік-жігерінің арқасында ол теледидар арқылы хат таниды. Жазушылық қасиеті де кішкентайынан оянған. Айта кетерлігі, Ху Хуэйюань дүние есігін ашқан кезде дәрігерлер оны он күннен көп өмір сүрмейді деп ауруханаға жатқызудан бас тартқан көрінеді. 

0 пікір
Мұрағат