Кеме-мешіт жасалды (фото)
Кеме-мешіт жасалды (фото)
7 жыл бұрын 5449 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жейхун Ан (Jaehoon Ahn) есімді британдық дизайнер мотормен жүретін тримаран-яхтасын құрастырды. Биіктігі 87 метрге жететін бұл яхтаның ерекшелігі тек сәулетінде немесе құрылымында емес, мешіт етіп құрастырылуында болып тұр. Бұл мешіт-яхта neWWave деп аталады. Бұл жайында SuperYacht Times ақпарат көзі хабар таратты. Тағы бір өзгешелігі: адам тұруға қолайлы кеңістіктегі биіктік 3,5 м. Палуба құрылысының мұншалықты биік болуы үшін үш корпусты яхта компоновка таңдалған, ол өз кезегінде су толқығанда немесе шторм кезінде тепе-теңдікті сақтауға, толқынның соққысына төтеп беруге мүмкіндік тудырады. Корпусы қалайыдан жасалады. Тримаранның ішкі жағы еденінен төбесіне дейінгі биіктігі 8 метрге жететін мешіт қарастырылған.

 

0 пікір
Мұрағат