КЧР-да халықаралық айран мерекесі тойланды
КЧР-да халықаралық айран мерекесі тойланды
2 жыл бұрын 745

Ресей Федерациясына қарасты Карачаево-Черкес республикасының Кішікарачаево ауданында 18-19 қазан күні III Халықаралық фольклорлы-этнографиялық фестиваль "Айран мерекесі" болып өтті. Бұл дәстүрді жаңғыртудың бір үлгісі болатын. Фестиваль қарсаңында ең үлкен көлемдегі бір ыдысқа жиналған айранның мөлшері 400 литрге жетті. 

"Біздің мақсатымыз карачаево-балкар халқының салт-дәстүрін жаңғырту. Сонымен қатар, Карачаево-Черкес республикасының туризмін дамыту болатын" - деді осы фестивальді ұйымдастырушы Мусса Боташев.

Фестивальдің бірінші күнінде карачаево-балкар халқы өздерінің асханасын таныстырса, екінші күнінде карачайлық асыл тұқымды жылқылардың көрмесі өтті. 

0 пікір