Катар билігі туристерді жергілікті халықтың салтына құрметпен қарауға шақырды
Катар билігі туристерді жергілікті халықтың салтына құрметпен қарауға шақырды
10 жыл бұрын 3028

Катар билігі туристерді осы елдегі халықтың киіну мәдениетіне құрметпен қарауға шақырды. 

«Әйелдер өте тар әрі қысқа, сондай-ақ, жұқалығынан адам тәні көрініп тұратын киімдерді киюден қашуы керек. Әйелдер мен ерлер шомылуға арналған киімдерді жағажайлар мен хауыздарда ғана киюі керек»,- деп айтылған белсенділер таратқан парақтарда.

Катар – Таяу Шығыстағы туристік әрі іскерлік орталық. Халқының төрттен үшін шетелдіктер құрайды. Шетелдік жұмысшылардың дені 2022 жылы футболдан өтетін әлем чемпионатына арналған құрылыстарда жұмыс істейді. 

0 пікір
Мұрағат