Кариб теңізінде бір тонна кокаин әкетіп бара жатқан ұшақ құлатылды
Кариб теңізінде бір тонна кокаин әкетіп бара жатқан ұшақ құлатылды
2 жыл бұрын 525

Колумбиялық жойғыштар Кариб теңізінде кокаин тасымалдап бара жатқан ұшақты құлатты, - деп хабарлайды BBC Russian. Әуе кемесінің бортында шамамен бір тонна кокаин болған.

Hawker жеңіл моторлы ұшағы Колумбия әскери-әуе күштері атқаннан кейін теңізге құлаған. Әуе кемесінің ұшқышы құтылып кетуді ойлаған, дегенмен, ұшақтың қозғалтқыштарының бірі істен шығып, Hawker төменге құлады. Колумбиялық әскерилердің айтуынша, ұшақ Орталық Америка елдерінің бірінен Венесуэлаға қарай беттеген. Айта кетейік, күн сайын Колумбиядан АҚШ пен Еуропа елдеріне шамамен 300 тонна кокаин жөнелтіледі. Түскен пайда колумбиялық есірткімен айналысатын мафияны және жарты ғасырдан бері елде қарулы қақтығыс ұйымдастырып жүрген марксизм көтерілісшілерін қаржыландыруға жұмсалады.

Осыған дейін Перу полициясы 300 000 миллион доллар тұратын 7,6 тонна кокаинді тәркілегені хабарланған болатын. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Кокаин топтамасы тасымалдану үшін Перудің Трухильо қаласында көмір таситын контейнердің ішінде жасырылған. Республиканың ІІМ-нің мәліметіне қарағанда, жүк Испания мен Бельгияға жеткізілуі керек болған. Құқық қорғау органдары кокаин елде есірткі кәсібімен айналысатын мексикалық кәсіпкерге тиесілі екенін айтты. "Бұл тарихи оперция. Ең көп тәркіленген кокаин топтамасы", - дейді республиканың ІІМ өкілі.

0 пікір