Каллиграфия – өз алдына бөлек тұтас әлемнен тұратын дербес өнер (фото+видео)
Каллиграфия – өз алдына бөлек тұтас әлемнен тұратын дербес өнер (фото+видео)
4 жыл бұрын 4833 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Каллиграфия дегенде, шоқтығы биік өнердің бұл саласынан аздап хабары бар адамның көз алдына тек араб көркем жазуы ғана емес, сонымен қатар, қытай, жапон иероглифі келеді. Десе де араб каллиграфиясы әмбебап өнер түрі екенін айтады ирактық каллиграф Таһа әл-Һити. Каллиграфияның қандай өнер екенін баяндайтын Arab News ақпарат көзінің танымдық материалын назарларыңызға ұсынып отырмыз. Каллиграф Таһа әл-Һитидің айтуынша, араб әрпі адам мен жануарлардың денесін, олардың қимыл-қозғалысын, тұтас табиғатты имитациялап, елестеді. Каллиграф Таһа әл-Һити осылай дей келе араб әрпінің таңбалану ерекшелігіне тоқтала келіп, оның (араб әрпін айтып отыр – ред.) органикалық құрылымға негізделгенін әрі адам денесінің әр бөлігін көз алдыңа әкелетінін тілге тиек етті. «Мәселен, Алиф әрпі араб жазуында тігінен, яғни, вертикалды сызықпен таңбаланады. Алайда, араб каллиграфиясында ол сәл алға ұмсынған тік сызық болып келеді, төменгі жағы артқа қарай белгіленеді. Ал ‘айн әрпі қас пішініне енеді, т.б.»,- деді каллиграф араб каллиграфиясына қатысты ойымен бөлісе келе. Каллиграф алдымен хат танымай тұрып әріптермен сурет салғанын есіне алды. Алғашқы талпынысында әкесінің есімі мен өзінің есімін сурет секілді бейнелеп жазғанымен қайсысы әкесінің есімі, қайсысы өзінің есімі екенін ажырата алмағынан жеткізді. Ол әріптердің сұлулығына тамсанудан ары аспаған еді ол кезде. “Каллиграфия – ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалатын өнер. Сол себепті, оның қай мектепке жататынын анықтай аласыз – бағдаттық па, түрікше ме әлде мароккалық па»,- деді артынша. Сондай-ақ, ол араб каллиграфиясының жапон немесе қытай каллиграфиясынан қандай ерекшелігі барын тілге тиек еткенде ең алдына араб каллиграфиясының көлденеңінен салынатынын, ал жапон мен қытай каллиграфиясы вертикалды (тігінен) түсетінін де айта кетуді ұмытпады. Ол бұл бағытта ұдайы ізденетінін, онсыз каллиграфияның тоқырауға ұшырайтынын айта кету керек шығар. Жоғарыда айтып өткеніміздей, каллиграфия әмбебап өнер – қалыптасқан дәстүрлі қалыптан бөлек басқа бағытын ойлап табуға болады. Каллиграфия әрбірден соң үйлесім мен баланстан, контрастан, белгілі бір ритмнен (ырғақтан) тұрады. Бұл каллиграфияның өнер ретінде өрлеуіне түрткі болатын негізгі факторлар.

02-al-hamdu09-pre-final-sketch

0404-practice

visualstandpoint.com

0 пікір
Мұрағат