Кайраундағы сәулеті мен сәні бөлек ұлы мешіт (фото+видео)
Кайраундағы сәулеті мен сәні бөлек ұлы мешіт (фото+видео)
4 жыл бұрын 3549 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тунистиің Кайруан қаласында 670-ші жылы салынған әлемдегі ең ежелгі мешіт бар. Оның екі атауы бар: Кайраунның ұлы мешіті немесе Укба мешіті. Кайраун шаһарының атауы араб тілінен аударғанда «керуен» мағынасын береді. Мұсылмандардың аталмыш құлшылық үйі қолбасшы Укба ибн Нафидің пәрменімен тұрғызылған болатын. Бұл қаланың стратегиялық маңызы зор болатын – Жерорта теңізінің жағалауынан бастап Африка құрлығының шалғай түкпіріне дейін созылып жатқан сауда-саттық дәлізінде орналасқандықтан «керуен» мағынасын беретін Кайраун атанды. Сондай-ақ, бұл қала Африканың өзге аймақтарына исламды жаюда маңызды плацдарм ретінде маңызды рөл ойнады. Мұсылмандардың біз сөз етіп отырған осынау ғибадат ғимараты қасиетті Мекке мен Мәдина және Құдыс шаһарларынан кейінгі орында – маңыздылығы жағынан төртінші орынға табан тіреген елді-мекен болды. Укба мешіті ең алдымен өзгеше сәулетімен ерекшеленеді. Оның сәулетінде ислам келмей тұрғандағы дәстүрлі, византиялық, грек, шығыстағы ислам елдерінің сәулет элементтері қамтылған. Аумағы атшаптырым (жалпы ауданы 9 мың шаршы метрге жетеді) мешіт периметрінің өзі 405 метрді құрайды. Бұл мешіт осы күйінде бірден тұрғызыла салған жоқ. Талай рет бұзылып, кеңейтіліп, күрделі жөндеуден өткен. Африканың солтүстігі берберлердің байырғы қонысы болғандықтан тұрғызылғанына көп уақыт өтпей мешітті қиратып тастады 690-шы жылы. Қайта қалпына келтірілді. Соңғы құрылыс жұмыстары аглабидтер әміршісі Зиядат І-дің тұсында (Аглабидтер – Африканың солтүстігін 800-909 жылдар аралығында билеген араб династиясы) - 836 жылы жүргізілген болатын. Михрабын ақ мәрмәрдан қалап, ою-өрнекпен қашалды. Қазіргі кейпі аглабидтер кезінен көп өзгерген емес. Бұл мешітке сән беріп тұрған элементтердің бірі – Римнің Тиздр қаласынан арнайы алдыртқан антикалық бағаналар. 414 антикалық бағана. Үш сатылы, шаршы мұнарасының биіктігі 31,5 метрге жетеді. Ал күмбезіне келсек, византиялық әрі римдік элементтер молынан ұшырасады. 11-ші ғасырда Кайраунның бағы тая бастады, соған байланысты 9-шы ғасырда бой көтерген Укба мешітінің де даңқы көмескілене бастады. Саяси әрі мәдени орталық өзге аймаққа ауысқандықтан. Десе де бұл қала мен ондағы мешіт ислам тарихындағы жарқын беттердің бірі болып қала бермек.

Photographie montrant une vue aérienne de la Grande Mosquée de Kairouan. Celle-ci est située à l'extrémité nord-est de la médina, à proximité des remparts dont elle n'est séparée que par une esplanade.

A square stone tower rises high above a wall.

Photographie de la cour, vue depuis sa partie méridionale. Le pavement de celle-ci est fait de plaques en marbre blanc.

0 пікір
Мұрағат