Жылдың ер-азаматы анықталды. Ол - мұсылман
|
26 жастағы мысырлық жігіт Филиппинде өткен "Әлем ер-азаматы"-2017 байқауында жеңімпаз атанды. Бірден ескерте кетейік, басқаша ойлап қалып жүрмеңіздер, аталмыш байқауға қатысқан жігіттердің тек түр-тұлғасы мен сыр-сымбаты ғана емес, ең бастысы оның ер-азамат деген атқа лайық қасиеттері сарапқа салынады, ескеріледі. Яғни, қиындыққа төзе білетін қайсарлығы мен табандылығы, сөзінде тұратын сенімділігі, азаматтық позициясы қаперге алынады. Айта кету керек, әлем ару секілді емес, біздің салтымызға таңсық әрі тосын көрінетін бұл байқауға әлемнің 27 елінен сен тұр, мен атайын дейтін сайдың тасындай жігіттер бақ сынады. Атап айтқанда, Молдовадан, Гуамадан, Австралиядан, Испаниядан, Пуэрто-Рикодан, Колумбиядан, Англиядан, Кабо-Вердеден, Шри-Ланкіден, Палестинадан, Вьетнамнан, Сингапурден, Замбиядан, Оңтүстік Кореядан, Таиландтан және Сириядан, т.б. қатысты. Осынау дүбірлі додада топ жарған мысырлық Мұстафа Елезали бухгалтер мамандығын меңгерген. "Ер адам қарапайым, кішіпейіл және өзіне сенімді болуы керек, міне, осы үш қасиетке ие болуы тиіс",- деді ол әділқазылар алқасына.