Жыл соңына дейін үй бағасы қалай өзгереді?
Жыл соңына дейін үй бағасы қалай өзгереді?
7 жыл бұрын 4409 naryk.kz

2015 жылдағы девальвациядан кейін әлсіреп кеткен Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығы қайта қалыпқа түсе бастады. 

Сарапшылардың пікірінше, биылғы жылдың алғашқы үш айында Қазақстанда шамамен 50,7 мың келісімшарт жасалған. Экономикалық өсімнің әлсіреуі мен инфляцияға қарамастан, 2016 жылы нарықтағы жоғары көтерілген тренд биыл да жалғасын таппақ.

«Елдің шетел валютасында сақтаған қаражатының арқасында қазір жылжымайтын мүлік саудасы қайта қарқын ала бастады”, – дейді сарапшы Анна Шацкая. Оның айтуынша, теңгенің тұрақтануы мен шикізат бағасының қайта көтерілуі елдің төлем қабілетіне оң әсер етуде.

Ал сарапшы Мария Реннің пікірінше, өткен жылдың алғашқы үш айындағы жасалған сауда келісімшарты өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 30,9 пайызға ұлғайған. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы өсім 2015-пен салыстырғанда 10,1 пайыз ғана ұлғайған еді.

Сонымен қатар жаңа пәтерлердің көптеп салынуы елдің сұранысын арттырып жатыр. Ал қайталама нарықтағы баға осының әсерінен қымбаттамай, бір орынға тұрақтап тұр.

Дегенмен, кей сарапшылар биыл қайталама нарықтағы үйлердің бағасының түсетінін айтады. Айта кетейік, жыл басынан бері үш айда қайталама нарықтағы баға республика бойынша 4 пайызға арзандаған.

Алдын ала болжам бойынша, жыл соңына дейін осы қарқын сақталапы, ай сайын шамамен баға 0,9 пайызға арзандап отырады. Нәтижесінде, 2017 жылдың соңына дейін баға 10-12 пайыз арзандайды деген жорамал бар.

2017 жылдың ортасына дейін Қазақстанда үй бағасы 25-40% арзандайды

Элиталы үйлерді санамағанда барлық жаңа үйлердің орташа бағасы шаршы метріне 275 мың теңге болды.   

Қазақстандық жылжымайтын мүлік қауымдастығының мәліметінше, биыл сәуір айында өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда элиталы және бизнес санаттағы жаңа үйлер 10-15%, ал комфорт және эконом санаттағы жаңа үйлер 15-20% арзандады.

«Қайталама нарыққа келер болсақ, нақты саудада бағаның төмендеуі сәуірде 25-35 пайызға дейін жетті. 2,3 жән е4 бөлмелі үйлердің шаршы метрі республика бойынша орта есеппен 155 мың теңге болды. Бағаның төмендеуі былтырғы теңгенің тұрақсыздығы», — деп жазады қауымдастық.

Сонымен қатар қауымдастық бағаның алдағы уақытта да түсетінін болжайды.

Сарапшылардың пікірінше, қазіргі таңда саудаланып жатқан үйлердің 60 пайызы жаңа үйлер.

Қауымдастық болжамына сүйенсек, жылдың ортасына қарай жаңа үй бағасы 25 пайыз, ал қайталама нарықтағы баға 40 пайызға арзандайды.

0 пікір
Мұрағат