Жүздеген гигатонна мұзды мұхитқа тастауда (видео)
|
Әлемнің мұз құрсаған құрлығы келесі ғасырда қара континентке айналуы мүмкін. Антарктидағы мұздың еруі осы қарқынмен жалғаса беретін болса. Жердің оңтүстігінде орын тепкен континент 2009-2017 жылдар аралығында орташа есеппен алғанда жылына 252 гигатонна мұзды мұхитқа тастаған. Ал бұл көрсеткіш 1979-1990 жылдар аралығында жылына бар-жоғы 40 гигатоннадан аспаған еді. Яғни, Антарктикадағы мұздың еру қарқыны соңғы 40 жыл ішінде 6,3 есеге артқан. Бұл жайында Proceedings of the National Academy of Sciences мерзімді басылымында жарияланған зерттеу мақалада айтылған. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Антарктикадағы мұз ерісе әлемдік мұхитпен тікелей байланысты болғандықтан мұхит деңгейі көтеріліп, жағалаудағы мемлекеттер су астында қалады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тәуліктің ең қауіпті сағаты түнде екені анықталды
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Сейсмикалық қауіпті қалада жер қозғалса «қозғалмайтын» зәулім ғимарат бой көтерді (фото)
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Түркия алғаш рет қарт тұрғындары көп елдер санатына енді