Жасын түсіп жайрап қалды
Жасын түсіп жайрап қалды
2 жыл бұрын 686

Танзания шығысындағы Кигома аймағында орын алған қайғылы оқиғадан төрт мектеп оқушысы мен бір мұғалім тіл тартпай кетті. Осы оқиғаға куә болған Уильям Литухи есімді мұғалімнің айтуынша, Ньякасанда елді-мекеніндегі мектепке жауыннан қашып кірген оқушыларға білім ордасының ғимараты пана бола алмады. Жай мектепке түсіп, найзағай соққан: нәтижесінде бес адам қаза тауып, 17 оқушы түрлі деңгейде жарақат алған. Олардың кейбіреуі ауруханаға жатқызылды. Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың соңына таман Малави астанасындағы «Жетінші күн адвенистер» шіркеуінің жамағаты құлшылық етіп жатқан кезде жасын түсіп, сегіз адам жайрап қалған болатын. Олардың біреуі бала. Бұдан бөлек тағы бір адам зардап шексе, 40 адам жеңіл жарақаттанған. Олар ауруханаға жатудан бас тартқан еді сол кезде. Мұндай оқиға 2013 жылдың бас кезінде Танзанияда тағы қайталанды. Африка құрлығындағы ең биік шың саналатын Килиманджаро биігіне өрмелеген Иэн Маккивер есімді 42 жастағы ирландиялық альпинисті де жасын ұрып, жантәсілім еткен еді.

0 пікір