Жәндіктер әлемі: Көбелектер бағы ашылды
Жәндіктер әлемі: Көбелектер бағы ашылды
9 жыл бұрын 9131

Дубайда жуырда ашылған көбелектер бағынан әлемдегі барлық түрін кезіктіруге болады. Бұл бақ шеңбер болып келетін, бір-бірімен жалғасып жатқан тоғыз күмбезден тұрады. Жалпы ауданы 1800 шаршы метрді құрайтын бақта бір мезгілде 300 адамға дейін бола алады. Аталмыш бақ «Ғажайып бақ» деп аталатын гүлдер бағының аумағында орналасқан. Алайда, бір артықшылығы: ол тек белгілі бір маусымда ғана емес, жыл бойы ашық тұрады. Бақтың температурасы жәндіктерге қолайды деңгейде беріледі. Бұл бақта сауық құруға, ағартушылық бағытта ақпарат алуға және зерттеу ісін жүргізуге болады.

 

Устрицадан 50 меруерт табылды

АҚШ-тың Теннесси штатына қарасты Франклин қаласындағы мейрамханалардың бірінде түстікке тапсырыс берілгенде устрицаның ішінен бір емес, екеу емес, бақандай елу меруерт шыққан екен. Бұл оқиға үстіміздегі жылдың сәуір айының 2-сі күні орын алған болатын. Бұл жайында WSMV ақпарат порталы хабар таратты. Аталмыш тағамға тапсырыс берген 53 жастағы Тони Эллиот устрицаны аузына апарған кезінде қатты нәрсенің тісіне тигенін сезген. Бастапқыда ол «тісімді сындырып алған екенмін», деп ойлаған. Анықтап қарағанда, меруертті жұтып қоя жаздағанын байқады. Устрицадан елу меруерт шыққан. «Мұндайды бұрын-соңды көрмеппіз. Клиенттің бір меруертті тауып алғаны бар, бірақ, елуін емес»,- деді аталмыш мейрамхана меңгерушісі Грег Хержест (Greg Hergest) ABC News ақпарат көзінің тілшісіне берген сұхбатында. Мейрамхана қызметкерлері меруертті тазалап, тапқан адамға орап берді. «Бұл оның устрицасы, яғни, меруерт те сонікі. Бұл да лотореядан ұтқанмен бірдей»,- деді мейрамхана меңгерушісі. Сондай-ақ, ол устрицаны Луизиана штатындағы Мексика бұғазынан алдыратынын жеткізді. Ал The Tennessean ақпарат көзінің хабарына қарағанда, бұл табылған меруерт өте ұсақ екен, олардың бағасы әлі анықталған жоқ. Зергерлер одан бірдеме жасаудың мүмкін еместігін айтып отыр, яғни, ұсақ болуына байланысты оларды біріктіру қиын көрінеді. Осындай оқиға бұрын да болған: Британияның Ньюки қаласының тұрғыны Джеймс Хамфрис 2013 жылдың ақпан айында жергілікті балық дүкенінен устрица сатып алып, осындай олжаға кенелген болатын. 34 жастағы ер адам оны кәдесіне жаратқан. Ал Ливанның Тир қаласындағы Al Fanar мейрамханасының аспазшысы 2008 жылы устрицадан 26 меруерт тауып алған болатын.

0 пікір
Мұрағат