ИСИМ содырлары тарихи көне мұражайды қиратты (ВИДЕО)
ИСИМ содырлары тарихи көне мұражайды қиратты (ВИДЕО)
9 жыл бұрын 3551

ИСИМ содырлары Шам жеріндегі тарихи тамыры тереңде жатқан ежелгі Мосул мұражайын қиратты. Ондағы содырлардың кесірінен күл-талқаны шыққан аса құнды өнер туындылары мен ескерткіштер  біздің дәуірімізге дейінгі VIII-ші ғасырға тиесілі. Содырлар аталған ескерткіштерді «ассириялықтар тұсында, надандық кезеңде» пайда болғанын желеу еткен. Осыған байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі шұғыл мәжіліс өткізіп, ИСИМ содырларынан тарихи жәдігерлерді қалай қорғау керектігін талқылады. Айта кетейік, ИСИМ қанышерлерінің қолынан 100-ден аса ассириялық христиан қаза тапқан болатын. Ол ол ма, жүрген жерінде шөп шықпайтын лаңкестер Сирияның әл-Хасика провинциясында 300-ге тарта ассириялықты ұрлап алып кеткен еді.

3 пікір
Мұрағат