Індет жұқтырғандарды арабтар діңгекті жасушамен емдеп жазып жатыр
Індет жұқтырғандарды арабтар діңгекті жасушамен емдеп жазып жатыр
11 күн бұрын 759 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әбу-Даби қаласындағы діңгекті жасуша орталығында екі мыңнан аса тәжді тажал індетін жұқтырған науқас діңгекті жасуша негізіндегі терапияның көмегімен дертінен құлан таза айығып шықты. Бұл жайында орыстардың «Жаңалықтар» ақпарат агенттігі хабар таратты. Мамыр айында аталмыш орталықтың дәрігерлері мен ғалымдары COVID-19 дертіне шалдыққан пациенттерді емдеудің жаңа әдісін әзірлеп жатқанын мәлімдеген болатын. UAECell19 – организмнің вируспен күресуге жәрдемдесетін әрі ауруды жеңіл өткеруге көмектесетін діңгекті жасуша негізіндегі терапия. Біріккен Араб Әмірлігінің билігі бұл әдіспен індет жұқтырған науқастардың барлығына тегін емдейді. Бұл тәсілдің қандай да бір жанама, яғни, денсаулыққа теріс әсері байқалмады. Жаңа әдісті сынап көру барысында тәжді тажал індетін жұқтырған науқастың жазылу мерзімі тез – стандартты ем-дом қабылдаған пациенттерге қарағанда: 22 күннен 6 күнге дейін қысқарған. Яғни, бір аптаға жетер-жетпес уақытта емделіп, жазылып шыққан. Аталған араб елінің ғалымдары бұл әдісті патенттеп алды әрі демікпе, т.б. өзге де респираторлық аурулар емінде қолданып көрмек.

0 пікір
Мұрағат