Иманғали Тасмағамбетов елшілік қызметінен кетіп жатыр
Иманғали Тасмағамбетов елшілік қызметінен кетіп жатыр
4 жыл бұрын 3603 azh.kz/

Дереккөздің хабарлауынша, Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасқа жетуіне байланысты лайықты демалысқа шығады.

Иманғали Тасмағамбетов Ресейдегі Қазақстан елшісі қызметінен кетті. Бұл туралы Telegram-ға саясаттанушы Ербол Еділов жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Кейбір мәліметтер бойынша, Иманғали Тасмағамбетов Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен кетеді және зейнет жасына жетуіне байланысты лайықты демалысқа шығады", - деді Еділов.

Иманғали Тасмағамбетов бұл қызметте 2017 жылдың ақпан айынан бері жұмыс істейді.

Дереккөз: Zakon.kz

0 пікір
Мұрағат