Илон Маск аутизм мен шизофренияны жеңудің жолын тапты. Қалай?
Илон Маск аутизм мен шизофренияны жеңудің жолын тапты. Қалай?
24 күн бұрын 1757 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Илон Маск негізін қалаған Neuralink нейронды технология компаниясының мамандары аутизм, шизофрения және анемия секілді аурулардан зардап шегетін науқастардың өмір сүру сапасын жақсартатын жолды нұсқады. Бұл жайында Tesla және SpaceX әлемге әйгілі компаниялардың негізін қалаған кәсіпкер Илон Маск Business Insider ақпарат көзіне берген сұхбатында мәлім етті. «Neuralink ең алдымен мимен байланысты көптеген ауытқулар төңірегіндегі проблемаларды шешеді, деп ойлаймын. Ішінара алғанда, бұл арада аутизмге, шизофренияға және жадыны жоғалтуға қатысты проблемалар турасында сөз болып отыр. Бәрі де белгілі бір жасқа келген соң жадысына байланыста проблемамен бетпе-бет келеді. Ата-аналар балаларының аты-жөнін есіне түсіре алмауы мүмкін, тағы сондайлар»,- деді ол сөз арасында. Оның мәлімдеуінше, Neuralink-тің түпкі мақсаты адам миын жасанды интеллектімен біріктіруге саяды. Сөзінің соңында: «Сіз оларды (ауруларды айтып отыр – ред.) еңсере алмасаңыз, бізге қосылыңыз»,- деп үндау тастады.

0 пікір
Мұрағат