Ханзада мұсылман әйелдерді шариғаттан аттамай сүюдің жолын тапқандай болды (видео)
Ханзада мұсылман әйелдерді шариғаттан аттамай сүюдің жолын тапқандай болды (видео)
6 жыл бұрын 4388 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританияда Сассек герцогы Гарри, яғни, ханшайым Диананың кенже ұлы өтіп жатқан қайырымдылық шаралардың бірінде мұсылман әйелмен кездескенде ыңғайсыз жағдайдан жол тауып кетті. Ол зайыбы Меган Марклдің Гренфелл мұнарасынан шыққан өрттен зардап шеккендерге жылу жинау мақсатында ұйымдастырған шараға қатысты. Бұл шарада герцогиня жұбайыны дос мұсылман әйелді таныстырған еді. Ханзада да мұсылман әйелді сүймек болып, дереу мұсылман әйелдің бөгде ер адамдармен жанасуға болмайтынын ескеріп, қолайсыз жағдайдан абдырап тұрып қалмады: ол "алыстан" құшақтаған түр көрсетіп, сүйдім деген белгі береді. Ханзаданың бұл тапқырлығы әлеуметтік желіде талқыланып жатыр. 

0 пікір
Мұрағат