«Халал» атын жамылған жапсырмалармен халықты қашанғы алдауға болады?
«Халал» атын жамылған жапсырмалармен халықты қашанғы алдауға болады?
2 жыл бұрын 1722

Еліміздің халал нарығы мемлекет тарапынан қадағаланбайды. Осыған орай «Бабалар дәстүрінің мұрасы» деп аталатын қоғамдық қордың құқық қорғаушылары «Халал» жапсырмасы бар өнімдерге көзсіз сене бермеуге шақырды. Бұл жайында Zakon.kz ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш қордың қызметкерлері жыл бойы «халал» жапсырмасы бар шұжықтарды сатып алған екен. Ресейлік портативтік тестің көмегімен өздері сатып алған шұжықтың құрамын тексерген көрінеді. Нәтижесінде 150 өнімнің тек 14-і ғана шариғат талаптарына сай өнідірілгені белгілі болды. Алайда, бұл да жабулы қазан күйінде қалды. Өйткені, еліміздің халал нарығы мемлекет тарапынан қадағаланбайды. «Осындай тест болады – 15 минуттың ішінде өнімнің құрамында доңыз етінің бар-жоғын анықтап береді. Біз «Халал» жазуы бар төрт шұжық сатып алдық. Төртеуінде де доңыз еті бар болып шықты»,- деді аталмыш қордың жетекшісі Арманғазы Мұратов.

0 пікір