Google фотографтарға арналған әлеуметтік желі ашады
Google фотографтарға арналған әлеуметтік желі ашады
7 жыл бұрын 2503 7kun.kz Мөлдір Иманмәди

Google корпорациясы фотосуреттермен алмасу үшін жаңа қосымша дайындап жатыр. Бұл туралы TechCrunc хабарлады.

Жаңа қосымшаның көмегімен ортақ топ құру арқылы бірнеше адам фотосуретті бір уақытта өңдей алады.

Құрастырушылардың айтуынша, бағдарлама хабарлама алмасуға арналмаған. Қолданушылар сурет алмасу үшін топтар аша алады. Ол жерде барлық қатысушылар фотоны өңдеп, белгілей алады.

Қосымша қазіргі уақытта қоланыстағы Allo және Duo бағдарламаларымен қатар жұмыс істейді.

Жоспар бойынша, Google бұл қосымшаны 2017 жылдың мамырында шығарады.

0 пікір
Мұрағат