Ғалымдар: Адамдар үйде отырғанда улы заттарды көбірек жұтады
Ғалымдар: Адамдар үйде отырғанда улы заттарды көбірек жұтады
2 жыл бұрын 989

Ғалымдар өндірушілер "экологиялық таза" деп немесе жасыл белгімен белгілеп сататын тұрмыстық химия өнімдері улы заттарды бөледі деген шешімге келді.Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Мамандар "экологиялық таза" деп белгіленген 37 тұрмыстық химия өнімдерінің химиялық құрамын зерттеді.

Зерттеу жұмысы бұл өнімдердің құрамында 156 ұшпа органикалық қосынды бар екенін анықтаған. Олардың 42-сі адам үшін улы болып табылады екен. Әрбір өнім құрамында кем дегенде бір улы қоспадан болған, деп хабарлады "Газета.ру".

Ғалымдар өндірушілер өнім этикеткасында өнімдегі 550 ұшпа қосындының тек 3%-ын ғана көрсеткенін анықтаған.

Мамандар адамдар үйде отырғанда улы заттармен көбірек демалады деген болжамын айтты. Олар адамдар қолданатын химиялық заттардың шынайы құрамын зерттеу бойынша жұмыстарын жалғастыруға ниетті.

 

30 жастан асқандардың тұмаумен сирек ауыратыны анықталды

Қытай ғалымдары 30 жастан асқан адам тұмаумен 10 жылда шамамен екі рет ауыратынын анықтады.

Зерттеушілер өз еркімен тәжірибеге қатысқан 151 адамның қан үлгісін тексеріп шыққан. Белгілі болғандай, кішкентай балалар ересектерге қарағанда едәуір көп ауырады екен, шамамен екі жылда бір рет. Адам есейген сайын иммунитеті күшейіп, 30 жасқа қарай тұмаудың әр түрлі вирустарына төтеп беретін болады. Ғалымдар тұмаудың алдын алуда әр түрлі вакциналардың пайдасы мол екеніне де көз жеткізген көрінеді.

 

Ұзақ ұйықтау жүек талмасына ұшыратады

10-жылға жуық уақыт бойы адам ағзасын зерттеген ғалымдар осындай шешімге келген. Олардың бұл ғылыми жаңалықтары нақты нәтижелер мен дәлелдерге сүйене отырып жасалған. Күніне 8 сағаттан артық ұйықтайтын жандар жүрек талмасына қоса инсультпен ауыратын адамдар тобына тезірек қосылатын көрінеді. Бұған қоса, адамдардың ұйқы ұзақтығы (бір күні 5 сағат, келесі күні 14 сағат ұйықтау) әртүрлі бола түскен сайын, жүрек талмасының шалдығу қаупі 4 есеге өсетіні белгілі болды. Сондай-ақ, ғалымдар ұйқысы қанбаған жандардың обыр ауруына  шалдығуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

 

Күндізгі ұйқы балалардың денсаулығына кері әсер етеді

Квинсленд Технологиялық университетінің ғалымдары күндізгі ұйқы түнгі ұйқыға, балалардың денсаулығына, әрекетіне, танымдық мүмкіндіктеріне қалай әсер ететінін білгісі келген.

Олар 5 жасқа дейінгі балалардың күндізгі ұйқысын зерттеу жұмыстарын талдады. 781-дің 26 зерттеуі өзекті болып шықты. Нәтиженісде күндізгі ұйқының бала ұйқысының сапасына әсер ететінін анықтады. Бұл жайында nur.kz сайты Meddaily ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Екі жастан асқан сәбилердің түнгі ұйқы уақытын қысқартқан.

 

Өмірлік мақсаты бар адамдарда жүрек аурулары сирек кездеседі

Ғалымдар өмірлік мақсаты бар адамдар жүрек ауруына аз шалдығады деген қорытындыға келген. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Бұл деректер келтірілген баяндама Балтиморда өткен конференцияда оқылды. Зерттеуге 137 мың адам қатысқан. Ғалымдар олардың тек денсаулығына ғана емес, сондай-ақ, психологиялық жағдайына да мән берген.

Анықталғандай, өмірде мақсаты бар, немерелерінің күтіміне жауапты қариялардың басқа замандастарына қарағанда жүрек қан тамырлары ауруларына шалдығу қаупі 23% төмен болған.

Бұнымен қоса, осындай өмірлік мақсаты бар адамдардың түрлі жүрек ауруларына шалдығу қаупі 19%-ға аз болады екен.

0 пікір