EXPO-2017 шарасына орай «Беймәлім Қазақстан» фотоккөрмесі өтуде
EXPO-2017 шарасына орай «Беймәлім Қазақстан» фотоккөрмесі өтуде
9 жыл бұрын 2439

Мәскеудің метросында EXPO-2017 шарасына орай «Беймәлім Қазақстан» деп аталатын фотокөрме өтіп жатыр. Бұл жайында Tengrinews.kz ақпарат көзі Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Елімізде өтетін EXPO-2017 көрмесіне мәскеуліктер мен қала меймандарының назарын аудару үшін ұйымдастырылған бұл шараға Ресейдегі ҚР елшілігі, ҚР тұңғыш президентінің қоры және Мәскеу метрополитені ұйытқы болды. «Көрменің мақсаты – Қазақстанның әр алуандығын, әсемдігін және шексіз әлеуетін паш ету»,- деп айтылған бааспасөз қызметінің хабарламасында. Осы мақсатта қолға алынған шығармашылық жобаға қатысқандар еліміздің қорықтары мен тарихи орындарында болып, видеоға және фотоға түсіріп алған екен. Бүгін ашылған бұл көрме бір ай бойы өтетін болады.

0 пікір
Мұрағат