Эверестегі қар көшкінінің видеосы пайда болды
Эверестегі қар көшкінінің видеосы пайда болды
9 жыл бұрын 3783

Эверестегі 26-сәуірде болған қар көшкінінің видеосы пайда болды. Кадрдан альпинистердің қар көшкінінен қашып, қар жамылғысынан құтылу үшін бір-біріне көмектесіп жатқанын көруге болады. Бұл жайында tengrinews.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Бастапқыда альпинистер өздері жатқан лагердің көрінісін камераға түсіріп жатты. Кадрда кенеттен үлкен қар жамылғысы пайда болып, ол адамдарды басып тастады.

Эверестегі қар көшкіні 26-сәуірде Непалда болған жер сілкінісінің салдарынан туындады. Нәтижесінде қар көшкінінен 84 адам қаза тапты. Қайтыс болғандардың ішінде Google компаниясының топ-менеджері Даниэль Фрединбург те бар. Онымен бірге болған басқа альпинистер ауыр жарақат алды. Қазір Эверестегі базалық екі лагерде 150-ге жуық адам эвакуацияны күтіп жатыр.

Еске сала кетейік, 25 сәуірде Непал территориясында магнитудасы 7,9-ға тең жер сілкінісі болды. Алапат зілзала жүздеген үй мен құрылысты бұзды. Непалдағы жер сілкінісі 4,1 мың адамның өмірін жалмады.

0 пікір
Мұрағат