Еурокомиссия есебі бойынша әлемде ашқұрсақ адамдар саны қаншаға жеткен?
Еурокомиссия есебі бойынша әлемде ашқұрсақ адамдар саны қаншаға жеткен?
7 жыл бұрын 2347 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы, яғни, 2016 жылы планетамыздағы ашқұрсақ жүрген адамдар саны 28 млн-ға артып, жалпы есепте 108 млн адамға жеткен. Еурокомиссияның біріккен зерттеу орталығының дерегіне қарағанда, бүгінгі таңда аштықтың белең алуына азық-түлік тапшылығынан бұрын негізінен қарулы қақтығыстар себеп болып отыр. Соғыстың кесірінен аштық жайлаған Сирия, Ирак, Йемен және Оңтүстік Судан елдерінде жағдай тіптен ушығып кеткен. Бұл жайында Еурокомиссия жанындағы біріккен зерттеу орталығының баспасөз қызметінің өкілі Нина Кайяндер мәлім етті. Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымы әлем халқының сонау 1945 жылдан бері алғаш рет белең алған аса терең гуманитарлық дағдарысты бастан кешіп жатқанын жеткізді. БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Стивен О'Брайен Йемендегі, Оңтүстік Судандағы, Нигериядағы және Сомалидегі аштыққа ұшыраған халыққа көмек көрсету үшін 4,4 млрд доллар қажет екенін мәлімдеді. 

0 пікір
Мұрағат