Ең қауіпті вирус анықталды
Ең қауіпті вирус анықталды
5 жыл бұрын 3560 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дабыра қылып, ел айтып жүргендей, ВИЧ, құтыру, безгек, т.б. секілді аты жаман ауру түрлері мен індеттерден емес, адамдар өткен жылы гепатиттің түрлі штаммаларынан бақилық болған. Аталмыш аурудан жылына 1,3 млн-нан аса науқас көз жұмады екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында жұмыс істейтін түрлі денсаулық сақтау қызметтері жыл сайынғы есебі мен баяндамасында келтірген дерекке қарағанда, өткен жылы гепатит вирусынан ажал құшқандар қарасы көш бастаған - басқа дерттен көз жұмғандар арасында. Аты аталған аурудың өзінен ғана емес, сонымен қатар, оның ауыр салдарынан болатын бауыр циррозынан және бауыр обырынан қаза тапқандар да ескерілген. Аталмыш мәліметте. Ал екінші орында адамдардың өмірін көп жалмаған ауру түріне туберкулезді жатқызған екен - 1,2 млн-ана аса науқас бақилық болған. Үшінші орынға ВИЧ инфекциясы жайғасқан - бір жарым млн адамның өмірін қиған. Гепатитпен күрес жөніндегі бүкіл әлемдік альянс жетекшісі Чарльз Гор әлем елдерінің билігі ешуақытта гепатитті қауіпті аурулар санатына жатқызбай, яғни, аталған ауру түріне жеткілікті мән бермей, онымен күресуге құлықсыздық танытатына ренішін білдірді. Аталған ауру түрімен күреске жеткілікті қаржы бөлінбейді. Вирустық гепатиттің ең ауыр түріне жататын С гепатиті көбіне қан құюдан адамға жұғып жатады. Сондай-ақ, зазалсыздандырылмаған шприцтен де жұқтыру қаупі бар. сонымен қатар, аталған вирус жыныстық жолмен де жұғатынын, жүктілік кезінде анасынан баласына де жұғатынын қаперде ұстаған жөн. 

0 пікір
Мұрағат