Еліміздегі шариғи төлем картасын қайдан алуға болады
Еліміздегі шариғи төлем картасын қайдан алуға болады
5 жыл бұрын 4069 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, өткен жылы елімізде шариғат талаптарына сай төлем картасының пайда болғаны турасында хабар таратқанбыз. Оның құндылығы мен артықшылығы неде? Бұл сауалдардың жауабын Al Saqr Finance-нің корпортаивтік даму жөніндегі басқарушы директоры Думан Нұрбаев жауап береді. 

ÐÑман ÐÑÑбаев

Al Saqr Finance – лизинг нарығында 18 жылдан аса уақыт жұмыс істеп келе жатқан компания. 2016 жылдан бастап әдеттегі лизингтік компаниядан әмбебап ислами қаржы компанияса айналу туралы шешім қабылданады. Бұл істе ислами қаржыландыру саласында халықаралық тәжірибесі мол Бахрейндегі Shariyah Review Bureau компаниясы кеңес беріп, жөн сілтеген. 2017 жылдан бастап аталмыш компания шариғат талаптарына сай лизинг бере бастайды. Осы орайда клиенттер тарапынан аталған өнім түріне деген қызығушылығы күрт артқанын айта кету керек. Осылайша компания шариғи талаптарға жауап бере алатын өз өнімдерін көбейтеді. Ең бастысы, шариғи төлем картасы елімізді елең еткізген елеулі жаңалық болды. Төлем картасы осы заманғы адамның өмірінің ажырамас бөлігіне айналғанын білесіздер. Оны жетілдіру, сапасын көтеру әлі тоқтаған емес. ҚР Ұлттық банктің 2019 жылдың қаңтар айының 1-і күні келтірген ресми дерекке қарағанда, 23,4 млн төлем картасы шығарылған. (Тақырыптан ауытқып кетсек, кешірім сұраймыз - ред.). Al Saqr Finance осы мақсатта активтері бойынша әрі өтімділігі бойынша еліміздегі ең ірі үштіктің құрамындағы ForteBank-пен ынтамасқан. Бұдан бөлек, аталмыш картаны Shariyah Review Bureau (Бахрейн) шариғи кеңесі мақұлдаған. Клиент картасындағы ақша пайыздық табыс үшін пайдалылмайды. Сондай-ақ, ішімдік пен темекі өнімдері сатылатын, түнгі клубтар мен барларда, казинода, букмекерлік кеңседе, т.б. картаны пайдалануға тыйым салынған. Шариғи карта иесіне қайырымдылық шарасына қатысуына да, яғни, садақа беруіне де жағдай жасалған. Шариғи төлем картаны goislamic.kz сайтына тапсырыс беріп ала аласыз. 

Ескерту: Материалды көшіріп басу үшін ислам. кз-ке сілтеме берілуі міндетті екенін естеріңізге саламыз. Барлық құқығы қорғалған. 

 

0 пікір
Мұрағат