Елімізде «халал» белгісін «адалға» ауыстыру үлкен дау тудырды
Елімізде «халал» белгісін «адалға» ауыстыру үлкен дау тудырды
9 жыл бұрын 4281

«Халал» енді «адалға» айналады! Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мемлекеттік стандартқа осындай өзгеріс енгізуді ұйғарып отыр. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі ктк телеарнасына сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Қазір тиісті құжат пен сертификат дайындалуда. Мамандар тауар белгісін осылайша қазақшаламақ. Бірақ бастамаға қарсылық білдіріп жатқандар да бар. Әсіресе, тұтынушылар құқығын қорғау ұйымдары бұған келісер емес.
Тағы бір жәйт, тамақ өнімдерінен басқаларға бұдан былай «халал», яғни, «адал» белгісі қойылмауы тиіс. Мысалы, халал монша, халал қонақ үй сияқтылар енді болмайды дейді діни басқарма өкілдері. Енді дүкенге не базарға азық іздей барсаңыз, мекеменің «адал» деген сертификаның бар-жоғын сұрауыңыз қажет.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен мемлекеттік стандартқа осындай өзгерту енгізілмек. Яғни бұдан азық-түлікте «халалдың» орнына «адал» деген белгі тұрады.
«Кез келген халықтың өзінің атаулары бар халалға берген, мағыналары бар. Сондықтан, қазақ халқында «халаға» берген мағына ол — адал. Адал ас, арам мен адалдық деген секілді. Сондықтан осының бірін ескере келе, логотипте «Адал» деген белгіні қойдық», — дейді ҚМДБ халал өнімдерді стандарттау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев.
Діни басқарма осы арқылы алдымен тауар белгісін қазақшалауды көздепті. Қазір дайындалып жатқан «адал» стандартына құқық беретін құжат, жоспарға сай, келесі аптада сауда орындарына таратылмақ. Тек жаңа сертификатқа ие болушы мекеменің өнімі шын мәнінде адал болуы шарт. Ал бұл зертхана арқылы анықталады.
Сондықтан қазақ халқында «халаға» берген мағына ол — адал. Адал ас, арам мен адалдық деген секілді.
«Қазіргі уақытта үлкен соңғы үлгідегі БЦР анықтайтын, шошқанын ДНК-сын анықтайтын лабораториямен екіжақты келісім сөз жүргізіп жатырмыз. Алла қаласа, осы жақын күндері шешілуі керек. Шұжықтар, халық көп тұтынатын тауарды тексерістен өткіземіз», — деді ҚМДБ халал өнімдерді стандарттау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев.
Алайда, тың бастамаға тұтынушылар құқығын қорғау ұйымының өкілдері күмәнмен қарап отыр. Айтуларынша, бақылау өзгертілмесе, таңба сөзінің ауысуынан қайыр жоқ.
«Қазіргі таңда жүйе жоқ. Адалдың да, халалдың да. Бір жерде бейнекамера қоймақ, сертификат бермек. Ақшаға сатамын дейді. Ол жүйе емес. Негізі әлемдік тәжірибені алып, Қазақстанға енгізу керек», — дейді «Ата дәстүр мұрагері» тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамдық қорының президенті Арманғазы Мұратов.
Тағы бір айта кететін жаңалық – «адал» стандартын енді тек тағамға қатысты қолдануға рұқсат етіледі. Ал басқа тауарлар мен қызмет түрлеріне ондай белгі қойған жөн емес.
Әйтпесе, елімізде монша, фитнес, ойынхана, емхана, кафе, такси, тіпті көлік жөндеу орталықтарына дейін «халал» тіркесін жалғауға әуестенген. Діни басқарма мұны заң тұрғысынан да тежеуге бекініп отыр.
Жалпы бүгінде басқа өңірді айтпағанда, бір Алматының өзі нағыз халал орталыққа айналған. Мәселен, мұнда жүзге жуық «халал» тіркесі жалғанған қызмет түрі, 3 мыңға жуық ірілі-ұсақты кәсіпорын бар екен. Кеден Одағы аясында да келіп жатқаны тауар саны қаншама. Сондықтан, жүйеліктің жүргізілуі қажет-ақ сынды.

 

«Халалды» неліктен «адалға» ауыстыру себебін түсіндірді

«Алматы» телеарнасының «Іскерлік уақыты» бағдарламасында Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының стандарттау жөніндегі бөлімнің жетекшісі Беййбіт Мырзагелдиев «Халалды» неліктен «адалға» ауыстыратындарын түсіндіріп берді. Оның айтуынша, бұл қадам тауардың өтімділігін арттыруға септігін тигізеді. «Біз бұл мәселені жан-жақты қарастырдық. Біз «адал сөзін қолданамыз, өйткені, бұл халықтың сенімін тудырады. ҚМДБ дәстүрдің сақталуына ықпал етеді»,- деді ол. Яғни, «халалмен» төркіні бір өзіміздің төл сөзімізді қолдансақ, бұл өз кезегінде тұтынушылар сенімін тудырады. 

3 пікір
  • Менің пікірімше халал деген сөздің қалғаны дұрыс болар еді себебі халал сөзі шариғатымызда қолданылатын сөз әрі бұл сөзді кез келген қазақ жақсы түсінеді Қазақтың тілін көтеру мақсат болса қолданыста жүрген орысшамызды түзесек дұрыс болар еді Сосын бұл атау неліктен тағамға ғана берілмек Қазіргі біздің қоғамымыздағы моншалар емханалар шариғатымызға сай емесқой ал халал сөзі тікелей аударғанда рұқсат деген емеспе бауырлар сондықтан халал сөзі қалайша тағамға ғана қолданылады екен
    9 жыл бұрын
  • Халал сөзін Адал деп ауыстырғаны құптарлық іс. Адал мен Арам бағызы заманнан бері халқымызға айдай анық түсінікті нәрсе. сол себепті адал болып ауысқаны абзал, әрине шариғатымызда халал деп қолданылады бірақ бұл тек халалдың адал болып аусуы ғана емес қаншамалаған халал емес аты ғана халал болған тағам өнімдерінің қайтадан тексерістен өтіп нақты адал ма арам ба соны анықтауға мүмкіндк туғызады. болмаса қазір халал сөзін келсін келмесін тіркеп қою әдетке айналып кеткен сияқты.
    9 жыл бұрын
  • бақылау өзгертілмесе, таңба сөзінің ауысуынан қайыр жоқ..
    9 жыл бұрын
Мұрағат