"Даңқ маған бақ емес, сор болып жабысты" (фото+видео)
"Даңқ маған бақ емес, сор болып жабысты" (фото+видео)
7 жыл бұрын 6126 islam.kz-ке сілтеме көрсетілуі міндетті көшіріп жариялаған жағдайда Ф. Багирова

Әлемге әйгілі Шәрбат Гуланы білмейтіндердің қарасы кемде-кем. Міне, табаны күректей отыз жылдың жүзі болды, оның ешкімге ұқсамайтын, әсіресе, азиялықтарға тән емес көзіне тамсанумен келеді. Оның есімі пуштун тілінен аударғанда "гүл шәрбаты" деген мағына береді екен. Есімі де, тұр-тұрпаты да ерек ауған әйелі бүгінде 4 баланың анасы атанған. Бір ұл және үш қыз тәрбиелеп отыр. Фотограф Стивом МакКарр оның ерекше бейнесін таспаға тартып алған еді. Және оған "ауған қызы" деп ат қойып, айдар таққан да. 1985 жылы "National Geographic" басылымының мұқабасында жарияланған оның суреті әлемді шарлап кетті. Осы суретімен-ақ әлемге танымал болған ауған қызының бейнесі талайлардың назарын өзіне аударып, тәнті етті. Лебіз білдіргендері қаншама. "Ол не туралы ойлайды? Үрейге бой алдыра ма, ашу-ызаға ерік бере ме, қобалжитын да шығар; бәлкім, оны ішкі қарама-қайшылығы мазалайтын болар әлде сұлулығын осылай паш ететін шығар? Фото-суретін қарап отырып, әр қараға сайын жаңа бір қырынан танисың",- деп тебірене қалам сілтепті ауған қызын Мона Лизаға теңеген   "American Photo" мерзімді басылымының бұрынғы бас редакторы Дэвид Шонауэр.

Знаменитая

Ауғандық "Мона Лиза" соғыстан әке-шешесінен айырылып, жетім қалған. "Біз отбасымызбен Ауғанстанға кеңес әскері кірген 1979 жылы Нангархар провинциясының Кот уезінде тұрдық"-, деп сол мұнар күндерін еске түсірген ол сегіз жасында анасынан көз жазып қалғанын жеткізді. Ол босқан елмен бірге қар жастанып, мұз төсеніп, Пәкістанға қашады. Пешавар маңындағы босқындар лагерінде оны, яғни, 13 жасында "National Geographic" репортерлері - тілші Дебра Денкер мен фотограф Стив МакКарри таспаға тартып алған болатын. "Сол сурет өткен өмірімде бақ емес, сор болып жабысты. Мені танымал етті, сонымен бірге, тұтқындалуыма да себепкер болды",- деді отыз жылдан соң ол. Пәкістанға шекарадан заңсыз өткені үшін және жалған құжатты пайдаланғаны үшін тұтқындалып, 15 күнге абақтыға жабылды. Оған он төрт жылға бас бостандығынан айырылу қаупі төнді. Оның түрмеден босап шығуына өзін таспаға тартып алған фотографтың көмегі тиді. Ол, тіпті, өзінің суретіне әлем тамсанып жатқанынан бейхабар болатын. "Бауырым суретімді көрсеткенде "иә, бұл менмін" деп жауап бердім. Таңғалғаным соншалықты - бала кезімнен фото-суретке түсуді ұнатқан емеспін". Ол ол ма, суреті үшін қаламақы да талап етпеген. Ақырында 35 жылдан соң еліне оралады. Пешеварда аурудан қайтыс болған күйеуінің және үлкен қызының қабірі қалды. Қазір ол 44 жаста. Оны ауғандардың бұрынғы басшысы Мұхаммед Ашраф Ғанидің өзі президент сарайында күтіп алады. Оның қолынан жаңа пәтердің кілтін алады.  

 

0 пікір
Мұрағат