Дамаскілік раушан гүлі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді
Дамаскілік раушан гүлі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді
4 жыл бұрын 3108 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

ЮНЕСКО дамаскілік раушан гүлін материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізді. Бұл жайында Сирия президентінің баспасөз қызметі хабарлады. Аталмыш хабарламада «Мараһ елді-мекеніндегі дамаскілік раушан гүлін өңдеу әдіс-тәсілі мен соған сәйкес кәсіп материалды емес мұралар тізіміне енгізілді»,- деп айтылған. Мараһ таулы өлкеде орын тепкен, шағын елді-мекені Дамаскі қаласынан солтүстікке қарай 65 шақырым қашық жатыр. Онда өсірілген раушан гүлдері опа-далап, эфир майы, дәрі-дәрмек, тосап, т.б. әзірлеуде пайдаланылады. Шайға қосып ішетіндердің айтуынша, тыныс жолдарына оң әсерін тигізеді. Яғни, шипалық қасиеті бар. ЮНЕСКО келтірген дерекке қарағанда, бір ғана Мараһта бір маусымда 60-70 тонна раушан гүлі жиналады. Аталған өнім әлемнің түрлі елдеріне экспортталады. 

0 пікір
Мұрағат