Дактилоскопиядан биліктің өзі бас тартты
Дактилоскопиядан биліктің өзі бас тартты
2 жыл бұрын 718

Міндетті биометрикалық тіркеу жобасынан бюджетте қаражаттың жетіспеушіліген биліктің өзі бас тартты. Бұл жайында “Известия” ақпарат көзі хабар таратты.  Дактилоскопия (яғни, ел тұрғындарының саусақ ізін алу – ред.) туралы идеяны, яғни, ел тұрғындарының гендік ақпаратын жинау ұсынысын Ресей Федерациясының мемлекеттік думасының депутаты (Жириновский жетекшілік ететін Ресей либералды демократиялық партиясының мүшесі) Роман Худяков  айтқан болатын. Оның бастамасымен тиісті заң жобасы өткен жылдың қараша айында Мемдуманың қарауына енгізілген еді. Халық қалаулыларының айтуынша, мұндай жүйе полиция жұмысын едәуір жеңілдетеді. Мәселен, біреу қылмыс жасаса, қылмыскерді тез тауып алуға көмектеседі. Алайда, құқық қорғаушылар мұндай қадамды адамдардың жеке бас құқығына қол сұғумен бірдей әрекетке балап отыр. Десе де, аталмыш бастамаға 18 министрлік, соның ішінде, биометрикалық тіркеуге мүдделі Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Төтенше жағдайлар министрлігі, Әділет министрлігі, Қорғаныс министрлігі, т.б. құптап отырған жоқ. Себеп? Бюджетте қаржы жетіспейді. Тек Тергеу комитетіндегілер қос қолдап отыр бұл бастаманы. 

0 пікір