Бүгін – мұсылманша жаңа жыл!
Бүгін – мұсылманша жаңа жыл!
9 жыл бұрын 10163

Биыл ай күнтізбесіне негізделген мұсылманша жыл қайыру бойынша жаңа жыл қазан айының 25-не дөп келіп отыр. Яғни, мұхаррам айы бойынша хижра жыл қайыру бүгінгі күнге сәйкес келіп отыр. Әдетте мұсылмандар Жаңа жылды тойламайды. Десе де, хижра бойынша жыл қайыру есебі ай күнтізбесімен жүргізілетінін айта кету керек. Бұл күні мұсылмандар Ақиық елшінің (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) өмірбаянын оқып, Оған (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) салауат айтып, қайырымды істерге арнағаны жөн.

2 пікір
  • Бір-екі күн бұрын ескертіп қойса болмас па еді? Мұсылмандықты жаңадан қабылдағандар қаншама сауаптан құр қалды ғой. Сол күні Алла разылығы үшін ораза ұстау, нәпіл намаздар оқу. садақы беру, ауруларды зиярат ету, үйге азық әкеліп қою, т.б. "Азан.кз" дағы пікірлерді оқып, сасып қалдым. Олар сол күні сауап алып қалуға шын жүректерімен ат салысып жатыр екен. Бірақ қателесіп, 3 қарашаны 1-ші муһаррам, 13-ші қарашаны 10-шы муһаррам "Ашура" күні деп ,бір-біріне айтып жатыр. Кеш қалды-ау, обал болды. 24-ші қазан күні мен айқайлап, 25-ші қазанның бірінші муһаррам екенін айтып пікір жазып едім, ешкім естімеді. Кеш қалыппын.
    9 жыл бұрын
  • Екіншіден, оларды шатастырған біреу, 4-ші қарашаны "мұсылманша жаңа жыл" деп мақала беріпті. Мұсылман мерекелері немесе атаулы күндері ойыншық емес қой, бұл мәселеде өте ұқыпты, сақ болу керек емес пе? Сіздерге, исламға деген сенімдері сөніп қалмай ма? Ұят та, Алланың алдында қорқынышты да ғой.
    9 жыл бұрын
Мұрағат