БИЫЛҒЫ ҚАЖЫЛАР МЕККЕГЕ БІРДЕН ЖЕТЕ АЛАДЫ (ВИДЕО)
БИЫЛҒЫ ҚАЖЫЛАР МЕККЕГЕ БІРДЕН ЖЕТЕ АЛАДЫ (ВИДЕО)
7 жыл бұрын 3172 astanatv.kz
Биыл қажылыққа аттанғандар жол азабын тартып, ұшақтан ұшаққа ауыспай-ақ Меккеге бірден жете алады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен қажылық сапарын ұйымдастырушы компаниялар осындай оң өзгерісті жолға қойды. Қажылық сапардың басталуына 1 айдай уақыт қалды. Қасиетті мекенге атбасын тіреп, бес парыздың бірін өтеуге ниеттенген жамағат тамыздың 22-сі мен 26-сы аралығында елден аттанады. Биыл Қазақстаннан 2500 адам қажылыққа барады деп жоспарланған.
 
Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ аппарат басшысы:
 
Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан бірден Мекке, Мәдина, Жидда қалаларына барып жетеді. Бұл дегеніміз жол қиыншылығынан арылып, қауіпсіздікте өмір бойы армандаған қажылығына 4-5 сағатта жетіп барады деген сөз. Діни басқарма 27 жыл болды қажыларымызды қасиетті мекенге аттандырып келеміз осы 27 жыл ішінде осындай оқиға болған жоқ.
 
Мұндай жаңашылдық Сауд Арабиясы елшілігімен келісімге келудің арқасында мүмкін болып отыр. Қажылық сапарды екі әуе компаниясы жүзеге асырады. Оның бірі Сауд Арабиясының, екіншісі Қазақстанның компаниясы. Бас-аяғы 9 рейс қазақстандықтарды тасымалдайтын болады. Жылда елімізден барған қажылар осы сапарға 1 айға жуық уақыт жұмсаса, биыл оның мерзімі біршама қысқарды. Діни басқарма өкілінің сөзінше, жерлестеріміз 12-13 күн ішінде сапарын толық аяқтап елге оралады. Қажылық сапардың құны 3700 доллардан басталады. Оның ішінде ұшақ бағасы 1600 АҚШ долларын құрайды.+
 
Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ аппарат басшысы:
 
Себебі чартерлік рейстер болады. Яғни ұшақтар СА ұшып барады да қайтарда бос қайтады. Сондықтан екі жақтың шығынын ала отырып, 1600 доллар болады. 2015-16 жылдары да осы баға болған. Әрине, доллардың көтерілуіне байланысты әуе компаниялары бағаны өсіруге тырысады, бірақ ҚМДБ бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ұстанымы бойынша қажылыққа баратын адамдардың қалтасына салмақ түспеуі керек деп әріптес компанияларға түсіндіріп бағаны ұстап отырмыз.
 
Айта кетейік, биыл 1 қыркүйекте барша мұсылман қауымы үшін Қасиетті Құрбан айт мерекесі басталады. Және осы күндері исламның 5 парызының бірі - қажылық өтеледі.
0 пікір
Мұрағат