Билл Гейтс әлемді өзгертетін үш технологияны атады
Билл Гейтс әлемді өзгертетін үш технологияны атады
7 жыл бұрын 3942 egemen.kz

Таяуда Билл Гейтс «Энергетикалық коалиция серпілісін» құрғанын хабарлады. Оған 22 инвестор кіреді. Құрмында Марк Цукерберг, Джордж Сорос және Ричард Бронсон бар. «Коалиция» жасыл энергиямен айналысатын компанияларды қаржыландырады. Өзінің «Энергетикалық инновация: олар не үшін керек және қалай алуға болады?» деген ойтолғауында Гейтс энергетика саласындағы ең ірі үш инновацияны атайды.

1. Күн химиясы: күн қуатын отынға айналдыру. «Күн химиясы» отын алу үшін фотосинтез әдісімен жасалады. Гейтс осы бағыттағы Калифорния технологиялық университетінің жасаған жұмыстарды оң бағалап отыр. Жасанды фотосинтез арнайы құрылғының күн қуатын сіңіріп алып, одан сутекті отын алу арқылы жасалады. Бұл технология көлік пен электрэнергетикасында кеңінен қолданылуы мүмкін.

2. Ағынды батерея: аккумулятордың жаңа түрі. Жасыл энергетиканың ең басты мәселелерінің бірі — қуатты сақтау. Күн батады. Жел тынады. Ал энергияға күндіз-түні қажеттілік бар. Осы мәселені шешудің жолы ретінде ағынды батареялар ұсынылуда. Олар әдеттегі аккумулятордан ұзағырақ жұмыс істейді. Оларды ағынды деп атаудың себебі — екі резервуардың арасында айналатын сұйық электролиттерден құралады. Бұл батареялар ондаған жылдар бойы іске асады.

3. Күн бояуы: кез келген жазықтықты күн батареясына айналдырады. «Күн бояуы» кез келген жазықтықты күн батареясына айналдырады, — дейді Гейтс. Жер бетіндегі кез келген жазықтықты, үйдің төбесін, қабырғаларды, автокөлік корпустарын аталған технологиямен қаптауға болады. Оны дайындау да қиын емес. Бар болғаны жарықдиодты қаптама мен бояу керек.

0 пікір
Мұрағат