Бақталастардың басы қосылған мешіт (видео)
Бақталастардың басы қосылған мешіт (видео)
4 жыл бұрын 3788 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Арабтардың Al Jazeera телеарнасы қорындағы мына бір таспаға тартылып қалған өзгеше көріністі жұртшылықтың назарына қайта ұсынған екен: Африка құрлығының батысында орын тепкен Сенегалдағы аса ірі мешіттің сыйымдылығы мен көлемі Шешенстанның Шали қаласында таяуда ашылған Пайғамбар атындағы мешітпен бірдей десек, артық айта қоймаспыз. Бұл мешіт Сенегалдағы ықпалды Мүриттер бауырластығының қаражатына ашылған. Аталмыш бауырластық осы мешіт құрылысына 50 млн доллар жылу жинай алған екен. Халқының жартысын жарлы тұрғындар құрайтын, күніне 2 долларға ғана күнкөретін елден. Кадрдан байқалғандай, жамағаттың бірінші қатарда сенегалдық мүриттер жетекшісі, оның жанында 57 жастағы ел президенті Маки Салл, ал екінші жағында президенттің бұрынғы бәсекелесі, 93 жастағы экс-президент Аболла Уад жайғасқан. Бір-бірімен саяси аренада бақталастардың жаңа мешітте бас қосқаны да елдің назарынан тыс қалған жоқ. Бір миллионға тарта мұсылман жиналған мешіт маңында «туба» деп аталатын фирмалық кофенің беріліп жатқанын байқауға болады. «Туба» - жергілікті сопылар ойлап тапқан ерекше шөп қосылған кофенің атауы.

 

0 пікір
Мұрағат