Араб каллиграфиясы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енуі мүмкін
Араб каллиграфиясы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енуі мүмкін
4 жыл бұрын 4712

Көркем өнердің осынау шығысқа тән түрінің тарихы тым тереңде жатыр. Дәлірегі, X ғасырдан бастау алады. 2008 жылдан бері күн тәртібінде тұрған бұл мәселе – араб каллиграфиясын бүкіл әлемдік материалдық емес мәдени мұралар тізіме енгізуге талпыныс жасалып келеді. Бұл жайында thenational.ae ақпарат көзі хабар таратты.ЮНЕСКО тізімінде каллиграфиялық тәжірибенің бірқатары кездеседі: қытай каллиграфиясы аталмыш тізімге 2009 жылы, мұңғұл каллиграфиясы 2013 жылы, армян каллиграфиясы өткен жылы енгізілген болатын. Араб каллиграфиясының тармақтары көп: қасиетті Құранды көшірумен байланысты 8-10 ғасырларға барып тірелетін куфалық каллиграфиядан бастап осы заманғы каллиграфияға тартып, стилі жағынан насһ, сулса деп бөлінетін түрлерін айтуға болады. Араб каллиграфиясын бүкіл әлемдік материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізуді Саудия тарапы бастама етіп көтерген болатын. Бұл арада Саудияның жеті материалдық емес мәдени мұрасы (саятшылық, мәжіліс, кофе, жергілікті халық арасында кеңінен тараған қылышпен билеу, таяқпен билейтін  Алмезмар биі, «Кат әл-Асири» көркем стилі және пальма) ЮНЕСКО тізіміне еніп қойғанын айта кету керек. Саудияның мәдениет министрлігі араб каллиграфиясын бүкіл әлемдік материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізу мақсатында ALESCO-мен (Араб елдері лигасының білім беру, мәдениет және ғылым жөніндегі ұйымы) бірге  арнайы жиын өткізіп, осы жылдың наурыз айында «араб каллиграфиясы» аталымы бойынша ұсынуға шешім қабылдады.

0 пікір
Мұрағат