Анасы мен қызы балалар байқауында табысты
Анасы мен қызы балалар байқауында табысты
9 жыл бұрын 3272

«Продюсерлік қастинг» деп аталатын балалар байқауы анасы мен қызының бір-бірімен табысуына септесті. Аталмыш байқау арқылы балалалар үйінде тәрбиеленіп жатқан қызы Варварамен талай жылдан бері жолыға алмай жүрген Елена Рыбина осындай мүмкіндікке ие болды. Оның қызымен кездесуіне балалар үйінің басшылығы рұқсат бермей келген болатын. Ол қызымен кездесуге 2010 жылдан бері талпынып келеді. Оған жуырда балалар үйінің педагогы телефон шалып, балалар байқауы өтетінін жеткізеді. «Маған балалар үйінің педагогы телефон шалып, басшылықтың ауысқанын және Варканың концертке қатысатынын айтты. Сол күні кіші қызым Маямен бірге концертке бардық. Бізде концерт басталмай тұрып келсек те Варвараға көрінбедік. Сахнада толқымасы үшін», - деді ол басынан кешкенін баяндай келе. Ол қызының «Ақниет» тобының құрамында Алматы 1 балалар үйінің тағы бір тәрбиеленушісі Михаил Недельникпен бірге ән шырқағанын тамашалайды. Концерт аяқталған соң шымылдықтың артынан қызын тауып алып, өзінің оның анасы екенін жеткізеді. Нәтижесінде ол балалар үйінің басшылығына хабарласып, қызымен кездесіп тұруына рұқсат алған көрінеді. Варвараны келесі аптада үйіне қайтарады. Бұл хабарға оның сіңлісі Мая қатты қуанулы. Әпкесін тағатсыздана күтуде. Аталмыш байқауды ұйымдастырған «Тансари» продюсерлік орталығының жетекшісі Дина Смаилова жас таланттарды балалар үйінен іздегенін жайып салды. Айта кетейік, бұл балалар байқауы Ваарвараны анасымен табыстырып қана қоймай, сонымен бірге, Түркияға барып-қайтуына мүмкіндік тудырды. Оның жол шығынын әділ қазылар алқасы мен байқауға келген көрермендер өз қалтасынан көтеріп алатын болды.

0 пікір
Мұрағат