Америкалықтар 1 жылда үй жануарларына $58 млрд жұмсаған
Америкалықтар 1 жылда үй жануарларына $58 млрд жұмсаған
2 жыл бұрын 610

Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша АҚШ тұрғындары 2014 жылы үй жануарларын күтуге 58 млрд доллар жұмсапты. Алдыңғы жылмен салыстырғанда бұл 4,2 пайызға көп. Бұл жайында bag.kz ақпарат көзі Жануарлар тамағын өндірушілер қауымдастығына сілтеме жасап, хабар таратты.

Шығынның ең көп бөлігі жануарлар тамағына жұмсалған. Мәселен, былтыр америкалықтар 22 млрд долларға үй мақұлықтары үшін түрлі тағамдар сатып алған көрінеді. Ал, екінші орында ветеринарлық қызмет түрлері тұр. Ол үшін АҚШ тұрғындары бір жылда 15 млрд доллар жұмсаған. Америкалық ветеринарлардың айтуынша, бұрын адамдар мал дәрігеріне жануарларын емдету үшін келген болса, бүгінде түрлі пластикалық және экзотикалық операциялар жасату үшін келеді екен.

Ал, шығындар тізімінің үшінші сатысында үй жануарларына арналған ойыншықтар мен қарғы-баулар тұр. Бұл үшін америкалықтардың 14 млрд доллары кеткен. Тағы 4,8 млрд доллар шаштаразыға, қонақ үйге, күтушілерге жұмсалыпты.

Жануарларды сатып алу үшін бір жылда ел тұрғындары 2,15 млрд доллар төлеген. Ассоциация мәліметінше, бүгінгі таңда АҚШ-та 397 млн үй жануары бар. Олардың 96 миллионы - мысық, 80 миллионы - ит.

0 пікір