Алматыдан Мәдинаға тікелей рейс ашылады
Алматыдан Мәдинаға тікелей рейс ашылады
4 жыл бұрын 4078 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қазақстандықтар бұдан былай Саудияға Алматы қаласынан тікелей ұша алады. Елімізге танымал SCAT әуе компаниясы аталған араб еліне тұрақты қатынайтын болады: Алматы – Мәдина және Алматы – Жидда әуе қатынасы аптаның сәрсенбі және сенбі күндері жүзеге асырылады. Алғашқы рейс қараша айының 30-ы күні жүзеге асырылады. Қазақстандықтар Алматыдан Саудияның екі қаласына бес сағатта жетеді. Билеттер сатылып жатыр. Билеттерді авиакассадан да, Scat.kz сайтынан да немесе +7 778 774-55-55, +7 771 506-05-01 телефон нөмірлеріне қоңырау шалып сатып ала аласыз.

0 пікір
Мұрағат