Алматы тұрғыны көшеде түйемен жүруді әдетке айналдырған (видео)
Алматы тұрғыны көшеде түйемен жүруді әдетке айналдырған (видео)
9 жыл бұрын 4320

Темір тұлпарды тастап, түйе тақымдады. Алматылық тұрғын жеңіл көліктен бас тартып, қаланы Ойсылқара түлігімен кезуде. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Ол жұмысына және өзге де ұзақ ара қашықтықты жанурамен жүріп өтеді. Қаржаубай атты бура 7 жаста. "Төрт түлігім – ырысым", деп жүрген Азамат есімді жігіт онымен күнделікті көшеде қыдырады.

Түйені тақымдағанына 5 жыл уақыт болыпты. Қаланың қызығына да айналып үлгерген. Жеңіл көлігін тастап, түйеге мінгенін ол былай түсіндіреді.

"Түйе міну, біріншіден, ыңғайлы.Экологияға зардабын тигізбейді. Күнде жем шөбін беріп тұрсаңыз болды. Астын тазалап, жүнін жиі тарап тұрған жөн. Адамдар келіп сұрап, суретке түсіп кетеді. Жалпы түйені алдымен шөктіріп, сол жағынан мінген дұрыс", – деді түйенің иесі Азамат Ахмет.

Түйемен көше кезген тұрғынды көрген жол сақшылары да таң қалды.  Десе де, Азамат Ахметтің түйе мініп жүруі заңға қайшы келмейді. Сәйкесінше, құқық қорғау органдары да оған ешқандай айып таға алмайды.

"Жол ережесінің 24 бабына сәйкес жануарлардың көшеде жүруіне тыйым салынбаған. Олар көшенің оң жағымен жүруі тиіс. Ал егер түнде жүретін болса онда қолдарына шам алған жөн.Ал егер жануар асау болса, басқа шаралар қолданылатын болады", – деді Алматы қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Еркін Өтегенов.

Азамат барлық ережені жатқа білмесе де, ең керектісін өзіне түйіп алған. Сондықтан ол көшеде еш уайымсыз жүреді. Төрт экологиялық таза әрі жуас жануар. Шаһардағы көлік қозғалысына кедергі келтірмейді.

Айта кетейік қалада жақында ған пайда болған "велотаксиге" бәсеке ретінде "түйе такси" шығуы әбден мүмкін.

 

 

Қожайынын көрген ит қуанғаннан сальса биледі (видео)

Интернетте өз иесін көргендегі иттің қуанышы туралы видео пайда болды.

Бұл туралы adme.ru хабарлайды.

Видеодан қожайынын көрген иттің билеп кеткенін байқауға болады. Бүгінде бұл видео көпшіліктің қызығушылығын тудыруда.

0 пікір
Мұрағат