ӘЛЕМНІҢ ӘР ТҮКПІРІНЕН (ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ)
ӘЛЕМНІҢ ӘР ТҮКПІРІНЕН (ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ)
9 жыл бұрын 4820
Малайзияда әлемде алғашқы экологиялық ислам мектебі ашылды

Табиғат аясыында көп уақытын өткізетін баланың ақыл-ойы мен сана-сезімінің сергек болатыны, әрі қағылез әрі елгезек, сондай-ақ, епті де әбжіл қимылдайтыны, ең бастысы, шынығып өсетіндіктен көптеген ауруларға жөпшеңді бой алдырмайтыны ғылымда дәлелденген. Міне, осыларды қаперге алған Малайзияның Селангор штатының билігі 7 мен 12 жас аралығындағы балаларға арналған  алғышқы халықаралық мәртебесі бар экологиялық ислам мектебін ашқан болатын. Аталмыш инновациялық білім беру мекемесінде сабақтар еркін әрі ағылшын тілінде өтеді. Мұнда табиғат пен қоршаған ортаның өзі баланың танымын кеңейтетін көрнекі құралы ретінде пайдаланылады. Әсіресе, ауыл шаруашылығын жүргізудің әдіс-тәсілдері мен қыр-сыры жан-жақты оқытылады. Осынау өзгеше білім ордасының құрылтайшылары: Австралияныың органикалық мектебі, Шаһ-Алама қаласындағы Ботаникалық бақ, Путраджалық ботаника бағы және Малайзияның табиғи тұрғындарды қорғау жөніндегі қауымдастығы. Мұнда оқушыларға табиғатты аялауға баулып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйретеді. Мектеп директоры Зализа Алиастың айтуынша, әр бала ағаш отырғызуды, т.б. игереді. Мектепте осы заманғы құрылғылармен жабдықталған ғылыми зертхана, инженерлік зертхана, сондай-ақ, физикалық ғыылымды меңгеруге арналған екі бірдей ғылыми зертхана бар. «Бүгінгі таңда ата-аналардың дені балаларын медреселерге бергенді қолай көреді. Олар балаларына ислам негіздерін ғана біліп қоймай, оны күнделікті өмірде қолдану керектігін де жақсы түсінеді. Біздің мектеп осы үддеден шығу үшін барлық мүмкіндікті қарастырады»,- деді директор.

 

«Америка мұсылмандарына қатысты 100 сауал мен жауап»

Мичиган университетінің (АҚШ) студенттері мұсылмандар мен ислам діні жайында ақпараттарды қамтитын қысқаша анықтамалықты жасап шығарды. Аталмыш анықтамалық «мұсылман» ұғымына түсініктеме беруден басталып, мұсылман мекерелерінің сипаттарымен аяқталады. Өздеріңіз байқап отырғандай, студенттердің күш-жігерімен жарық көрген анықтамалық ислам діні мен мұсылмандар жайында жалпылама мағлұмат береді.  «АҚШ тұрғындары арасында мұсылмандар жайында жаңсақ көзқарас қалыптасқан. Адамдардың көбісі ислам жайында бұрмаланған ақпараттарды таратып жүр. Сондықтан, біз қоғамды нағыз ислам дінімен таныстыруды мақсат еттік»,- деді осы анықтамалықты жазуға атсалысқан Кейт Кербат.

 

Жастар үйлену алдында арнайы курстан өтуге ниетті

Жуырда жүргізілген сауалнамаға қарағанда, саудиялық жастардың 92,04%-ы үйлену алдында арнайы курстан өтуге ниетті екендерін білдірген. Олар мұндай қадамға ертең отау құрып, шаңырақ көтергенде тұрмыстық өмірде кездесетін түрлі кедергілерді еңсеру, отбасындағы түсінбеушіліктердің алдын алу үшін барып отырғандарын жасырмады әрі ажырасу көрсеткішін азайтуға септігін тигізетініне сенімді. Ал сауалнамаға қатысқандардың алты пайызы мұндай курстан өтуді бас артық әуре, текке уақыт өткізу деп санайды. «Отбасы бақыты» деп аталатын бағдарлама жетекшісі мен отбасы істері жөніндегі сарапшы, шейх Мазин әл-Саид неке қатынасын қалай бастау керектігін түсіндіретін «Отбасын құруға лицензия» жобасын қолға алғандарын жеткізді. Аталмыш бағдарлама аясында шамамен 46 оқу курсы өтеді. Оған Сауд Арабиясының 2 606 жас қатысады.

 

Индонезияда «Шариғат шәлісі» атты көркем фильм прокатқа шықты

Индонезияда кино режиссері Ханунга Брамантионың «Шариғат шәлісі» атты фильмі прокатқа шықты. Аталмыш фильмде шариғат шәлісінің феномені жан-жақты ашылады. 100 минутқа созылатын драмалық кино картина оқиғасы іскер әйелдерге арналған киім тігумен және сатумен айналысатын 4 мұсылман әйелінің төңірегінде өрбиді. 

 

Оңтүстік Корея тағам өнеркәсібі халал сертификатын алуға мүдделі

Оңтүстік Кореяның тағам өнеркәсібі шариғат талаптарын барынша қатаң сақтау арқылы мұсылман тұтынушыларына бағдарлануда әрі халал сертифкатын алуға мүдделілік танытып отыр. Ішінара алғанда, кеспе жасайтын Nongshim фирмасы осы бағытта жұмыстар жүргізіп келеді. Аталмыг компания осы елдегі ең ірі қалалардың бірінен саналатын Пусан шаһарында өз өндірісін ашып, 2011 жылдан бері Shin Ramyun және Yukejang Noodle Soup деп аталатын жылдам дайындалатын халал кеспе жасаумен айналысып келеді. Тек ел аумағында ғана емес, сонымен қатар, өз өнімін Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері және Катар мемлекеттеріне экспорттап отыр. Сондай-ақ, кәрістердің Our Home компаниясы да осы елдегі шариғат талаптарына сай дайындалғаны жөнінде құжат беретін жалғыз құзырлы орын болып табылатын Кореяның мұсылмандар федерациясының халал сертификатына ие болды. Аталмыш компания кимчхи тағамын өндіреді. Аталған тағамды дайындау барысында қолданылатын шарапты өз рецептерінен алып тастады. Кондитерлік өнімдерімен танымал Crown Confectionery, Pepero және Orion Group (Choco Pies) компаниялары да халал сертификатына ие болды.

 

Іскер әйелдер элитасы Бахрейнде бас қосады

Үстіміздегі жылдың наурыз айының 23-26 күндері аралығында әлемдік бизнесте тасы өрге домалаған іскер әйелдер Бахрейнде бас қосады. Яғни, кәсіпкер әйелдер аталған мерзім аралығында осымен 63-ші рет өтіп отырған халықаралық жиынға қатысады.

 

Кения мұсылмандары ағартушылық науқанға кіріседі  

Кениядағы мұсылман жамағатының жетекшілері қоғамда ислам діні мен мұсылмандардың өмір сүру салтына деген қызығушылықтың артуына байланысты ағартушылық шараны қолға алды. Екінші жағынан, қоғамда қалыптасқан ислам мен мұсылмандар жайындағы жаңсақ ұғымдар мен қате көзқарастарға тойтарыс беру арқылы ел ішін алатайдай бүлдіріп жүрген «аш-Шабааб» лаңкестік тобының ықпалын азайту үшін де осындай кең ауқымды шараны жүзеге асыру қажеттілігі ескерілген. Айта кетейік, 43 млн халқы бар Кения халқының 30 пайызға жуығын мұсылмандар құрап отыр.

 

Халықаралық шөл фестивалі

Сауд Арабиясында дәстүрге айналған шөл фестивалі басталды. Бұл шара осымен сегізінші жыл қатарынан өтіп отыр. Аталмыш шара биыл ақпан айының 24-не дейін жалғасады. Бұл жайында Arabian Business ақпарат көзі хабар таратты. Фестивал бағдарламасында көңіл көтеретін әрі танымдық шаралар қарастырылған. Меймандар шөлде тіршілік етудің ерекшеліктерімен және бәдәуилердің тұрмысымен, сондай-ақ, қолөнермен, жергілікті ас мәзірімен танысады. Бұл фестивалге шетелден арнайы келіп қатысатын туристердің де барын айта кету керек.

 

ҮІІ ғасырдағы араб халифатының ас мәзірі туралы кітап жарық көрді

Түрік зерттеушісі әрі жазушысы Мұхаммед Өмір Акқордың «Селжүктер асханасы» атты кітабы жуырда Gourmand Cookbook Awards беделді сыйлығына ие болды. Айта кетейік, бұл сыйлықты аспаздық өнер саласында берілетін өзінше Нобель сыйлығы десек те болады. Автордың айтуынша, ол селжүктер туралы зерттеу барасында Аббасидтер кезеңіндегі араб халифатының асханасынан хабар беретін материалдың үстінен түскен. Бұл оның өз кезегінде қызығушылығын тудырып, аталмыш тақырыпты зерделеуге итермелеген. Нақтырақ айтқанда, ҮІІ ғасырдан бастап, ХІІ ғасыырға дейінгі аралықтағы гастроном мәдениетін зерделеген көрінеді. Бес жыл бойы жазылған кітап үстіміздегі жылдың мамыр айында әлемнің елу елінде, жеті тілде (түрік, ағылшын, неміс, француз, испан, орыс және араб тілдерінде, кейін, бәлкім, индонезия тілінде) жарық көретін болады. Жазушының сөзіне қарағанда, оның бұл кітабы тек бірыңғай рецептілерінен ғана тұрамайды, сонымен қатар, сол кезеңдегі түріктердің және арабтардың гастрономдық мәдениетін антропологиялық тұрғыдан зерттеулерді қамтиды. «Кітапта Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) өсиеті негізінде дайындалған 40 рецепті келтірілген»,- деді ол. Сондай-ақ, бұл еңбекте тазалық талаптары даа сөз болған.

 

Үндістанда халал косметика өнідіріле бастады

Үндістанда косметика шығаратын алғашқы кәсіпорын ашылды. «Халал сертификатына ие болған өнімнің құрамында спирт, жануардың майы және қоздырғыш химиялық заттар болмайды. Яғни, тааза әрі табиғи»,- деді Ecotrail Personal Care компаниясының аатқарушы директоры Маули Телли. Үндістанның нарығы түрлі косметикалық өнімдерге сықасып тұрса да мұсылмандарға қолайлы шариғат талаптары бойынша өндірілген косметикалық өнімдердің табудың өзі мұң. Аталмыш компания өткен жылдың қыркүйек айында алғаш рет үнді нарығына Iba маркасымен 60 халал косметикалық өнім шығарылды. Бұл елде мұсылмандардың қатары жылдан жылға аартып келе жатқанын ескерсек, халал косметикалық өнімдерге деген сұраныстың артатыны сөзсіз. Жуырда жарияланған санақ нәтижесінен байқалғандай, 2001 жылдан 2011 жылға дейінгі аралықта бұл елде мұсылмандар санының өсу көрсеткіші 24 пайызды құраған.

 

Саудиялық студенттердің 90%-ы қолайсыз ауа райынан қорқады 

Сауд Арабиясы студенттерінің шамамен 90%-ы жағымсыз ауа райынан, яғни, күрт құбылуынан зәре-құты қалмай қорқатын болып шықты. Осындай себеппен студенттер сабаққа жиі бармай қалатын көрінеді. Арнайы жүргізілген сауалнамаға қатысқандардың 95%-ы ауа райының бұзылатынын естіп, сабаққа бармаған. Әсіресе, жауын маусымында Сауд Арабиясында жол-көлік оқиғалалары жиі болады екен. Ауа райы қолайсыз болса, аса ірі қалалардағы мектептер мен университеттер студенттердің қауіпсіздігі үшін уақытша жабылады.

 

Христиан мектебі не үшін жабылды? 

Ұлыбританияда христиан дінін тереңдетіп оқытатын Дарем елді-мекеніндегі мектеп исламофобияға жол бергені үшін жабылды. Нақтырақ айтқанда, аталмыш оқу ордасында оқушылар ислам діні мен мұсылмандарға ашық тіл тигізіп, наным-сенімі өзге балаларды келемеждеп келген. Осынау білім беру мекемесінде сабақ беретін ұстаздар оқушылардың бұл қылығын көрсе де көрмегенсіп, көзжұмбайлық жасаған.ы да әшкере болды. Осыған байланысты Ұлыбританияның білім беру министрі  Ники Морган бұл мектепке қаржы бөлуді доғаруға пәрмен берді. Бұл жайында The Independent ақпарат көзі хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат